Сіз бақытты адамсыз ба? Қорқыныш пен күнәнің айыбы сіздің бақытыңызды алып кете алады. Сіз, «Мен қалай бақытты бола аламын?» - деп уайымдауыңыз мүмкін.
Менде сіз үшін жақсы хабар бар! Сізге көмектесе алатын біреу бар. Ол сіздің күнәңізді кешіріп, сарқылмас бақыт сыйлай алады. Оның есімі Иса. Сізге Ол жайында айтып берейін.
Ол Әке, Құдай, және әлемді Жаратушы. Ол әлемдегінің барлығын жаратты. Ол сізді және мені жаратты.
Құдай бізді сүйеді. Ол әлемдегілердің барлығын сүйеді. Құдай бізді сүйгені сонша Ол Өзінің жалғыз рухани Ұлы Исаны жер бетіне жіберді. Иса жер бетінде болған кезде, Ол ауруларды сауықтырып, мұң басқандарға тыныштық берді. Ол соқыр қөздерді сауықтырды. Ол адамдарға көптеген тәлім берді.
Иса Әкесінің сізге және маған деген зор сүйіспеншілігін түсінгенімізді қалайды. Ол Әкесінің сүйіспеншілігін сипаттайтын мына әңгімені айтып берді. Сіз оны Киелі кітаптан оқысаңыз болады, Лұқа жазған ізгі хабар 15:11-24
Біреудің екі ұлы болыпты. Ол барлығы жақсы жүріп жатыр деп ойлады. Бір күні оның ұлдарының бірі бүлік шығарып оған келіп былай депті, «Маған бұл үй ұнамайды, мен өз жолыммен жүргім келеді, мен кетемін. Маған тиесілі мұрамның үлесін бер.» Әкесінің көңілі түсіп қалады, алайда оған қаражатын беріп өз жолымен кетуіне жол береді. Ол енді қайтып ұлымды көремінбе, көрмеймінбе деп уайымдайды.
Ал ұлы болса алыс жолға кетіп қаражатымен, достарымен, өз өмірімен рақаттанды. Ол эгоисттік өмір сүріп ақшасын бейберекет жұмсай берді. Бір күні кенеттен қаражаты таусылып, достарының қалдырып кеткеніне дейін ол өзін тамаша уақыт өткізіп жүрмін деп ойлады. Ол мұқтаждықта жалғыз қалды. Ол енді не істей алады?
Ол бір фермерге жүгінеді, ал ол оны шошқаларды тамақтандыруға жібереді. Ал оның өзіне тамақ жеткілікті берілмеді. Оның қарны аш болғаны соншалық, ол шошқаның тамағын жей бастады. Ол өзінің істеген жаман істерін және әкесіне дөрекі сөйлегенін есіне түсіре бастайды. Ол барған сайын бақытсыз бола түсті.
Бір күні ол әкесінің қаншылықты мейірімді екендігін және әлі де үйінде болғанда қаншалықты қамтамасыз етілген болғандығын есіне түсірді. Тіпті әкесінің жұмысшылары да тамаққа тоқ болушы еді.
Ол былай деп ойлады, «Әкеме осылай істеген соң оған қайтып баруыма болады ма? Ол мені әлі де сүйеді ме? Мен оның ұлы болуға лайықты емеспін. Ол мені қабылдаса оның құлы болуға әзірмін.»
Солай бірден аяғына тұрып әкесінің үйіне қарай жол тартты. Ол енді әкесінің кешірім беретін бермейтіндігін көретін болады.
Әкесі болса өзінің ұлын кетіп қалған күнінен бастап аңсап күткен болатын. Ол, «ұлым енді қайтып келеді ма екен?» - деп жиі уайымдайтын. Солай бір күні алыс жерден біреудің келе жатқанын байқады. Мүмкін ол оның ұлы болар? Солай екенін көрген соң, ол құшағын жайып баласына қарай жүгіре бастады.
Баласы: «Әке, мен саған қарсы күнә жасадым. Мен сенің ұлың болуға лайықты емеспін.» - деді.
Алайда әкесі: «Оған ең жақсы киімді әкеліңдер және мейрамдауға дайындалыңдар! Менің балам жоғалған еді, енді міне табылды.» - деді.
Біз барлығымыз сол ұл іспеттіміз; біз Әкеміз Құдайдан алшақтап кеттік. Ол бізге берген мүмкіндіктер мен көптеген игіліктерін ауаға жіберіп алдық. Біз өзімшіл болып өмір сүріп Оған қарсы шықтық. Бүгін біздің көктегі Әкеміз бізді Исаға келуге шақырады. Ол бізді құшақ жая күтіп отыр.
Иса Өзінің өмірін біздің күнәларымыз үшін және әлемнің күнәлары үшін құрбан етуі арқылы Әкенің сүйіспеншілігін көрсетті. Ол зұлым адамдарға Өзін айқышқа шегелеуге жол берген кезде үлкен ауыртпашылық пен қабылдамаушылықты басынан кешті. Құдайдың құдыретімен Ол өлімнен тіріліп, енді мәңгі өмір сүреді.
Исаға келіңіз және Одан күнәларыңызды кешіруін сұраңыз. Сіздің бұрыс істеріңізге өкінгеніңізді көргенде, Ол сізді кешіреді және Өзінің төгілген қанымен барлық күнәларыңыздан тазартады. Бұл тамаша оқиға болмақ! Сіз енді жаңа адамға айналасыз. Өміріңіз жаңа мағынаға ие болады. Иса сіздегі айыптылық пен қорқыныштың орнын қуаныш пен бақытқа ауыстырады. Ол сіздің Құтқарушыңыз бола алады.