Үй

Евангелие трактаты және Киелі кітап қоғамы веб-сайтына қош келдіңіз

Тракттар

Болашақ жайлы ойланған кезде осы өмірден кейін өмір бар ма әлде жоқпа деген ой кімге келмейді дейсіз? Адам баласы өлімнен кейін онымен не болады деген ойдан қашып кете алмайды, алайда ондай ойды басынан лақтырып тастауға бейім келеді. Ол өзін өмірлік нәрселермен жұмыс басты етіп, өлім, аспан, тозақ жайлы ойларды алыс болашаққа ысырып қояды. (Матай жазған ізгі хабар 24:48, Уағыздаушы 8:11) Ал шын мәнінде, қалай болғанмен де, таңдау жасалуы тиіс. Ешнәрсе істемеу мәңгілікке жоғалу дегенді білдіреді.

Болашақ 5 minutes

Киелі кітап бізге үлгісі әдемі, құрылымы мықты, және жағымды атмоферадағы үйдің сызбасын береді. Біздің үйіміз, үйлесім мен разылық, немесе қысым мен ұрыс-керіс орнаған жер болуы мүмкін. Сіздің үйіңіз өмірдің дауылдарына төтеп бере алатындай мықты және бақытты ма? Үй, қоғамның маңызды бір бөлігі. Ол біздің рухани өсуімізге, бақытты сезінуімізге, және тәндік қанағаттануымызға арналған. Құдайдың әуелбастағы жоспары, осы үйдің мүшілері бір-біріне бақыт силап және отбасы ретінде үйлесімділікте өмір сүруі.

Отбасы 6 minutes

Киелі кітаптан біз мынаны оқимыз: «Үлкенді-кішілі өлген адамдардың тақ алдында тұрғандарын байқадым. Кітаптар ашылып, ерекше бір кітап — «Мәңгілік өмірдің кітабы» да ашылды. Өлгендер сол кітаптарда жазылған, өздері тірі кездерінде жасаған істеріне сай сотталып, үкімделді». (Аян 20:12) Бұл Құдайдың жазбалар жүргізетіні жайында келтірілген куәлік. Джошуа Харрис, АҚШ, Мэрилендтен шыққан жас жігіт біраз уақытын Пуерто Рикода өткізіп жатты. Бір түні ол түс көрді. Ол Құдайдың осы аянды адалдықтың жетіспеушілігіне бола берілгендігін сезінді. Осы түсі оған Иса Мәсіхтің өмірді өзгерте алатын құдіреті мен қаны жайында есіне түсірді. Біз осы жайында сізбен бөліскіміз келеді. *** (Бөлме)

Әңгіме 6 minutes

Мен өмірімді өте көңілді және бақытты бастадым. Мен алда көретіндері гүлдерге толы әлем болатын, әдемі қанаттары бар кішкентай көбелекке ұқсадым. Мен болашаққа көз жүгірткенде өмір керемет болып көрінді. Көп ұзамай, менің көзқарастарым өзгерді. Мені қабылдау үшін әрекет етуім керек екенімді түсіндім. Өмір цирк сияқты болды. Оның алыс болашаққа дейін созылған шығыршықтары болды. Егер мен сол шығыршықтан секірсем, мақұлдау аламын. Егер олай істемесем, онда басқалары солай істейді.

Өмір адамға таңдау жасайтындай көптеген жағдайлар туғызады. Шын мәнінде, таңдаулар әр күні жасалады. Кейбір таңдаулар аз ғана ойлап жасалады. Басқа жағдайда таңдау жасау үшін көп толғанып, қарастыру қажет болады. Маңызды деп есептелетіндері көбірек сақтықпен жасалады. Осыдан мынадай сұрақ туындайды: «сіз не нәрсені маңызды деп есептейсіз?» Құдай адамды жаратқанда, оған таңдау жасау артықшылығын сыйлады. Біз бұл жауапкершіліктен және оның нәтижесінен қашып кете алмаймыз, өйткені олардың көпшілігінің мәңгілік салдары болады.

Құтқарылу 4 minutes

Бір кездері осы әлемде еш нәрсе болмаған. Балықтар да болмады. Аспанда жұлдыздар да болмады. Өзендер мен әдемі гүлдер де болмады. Барлығы бос және қараңғы болды. Алайда Құдай бар болды. Құдайдың тамаша жоспары болды. Ол тамаша әлем жайлы ойланды, және ойлау барысында оны жаратты. Ол барлығын жоқтан жаратты. Құдай барлығын жаратқанда, Ол тек «былай болсын» - деді, және бұл солай болды! Ол жарықты жаратты. Ол өзендер мен көлдерді, жер жамылған көк шөпті, жануарларды, құстарды, және ағаштарды жаратты. Ең соңында, Ол адамды жаратты, және адамға арнап әйел жаратты. Олардың аттары Адам мен Хауа болды.

Иса 3 minutes

Әркім бір нәрсеге табынады. Кейбір адамдар заттарға табынады, кейбіреулер адамға табынады, біреулер бейнелерге табынады, ал басқа біреулер өз-өздеріне табынады. Олар құдайларына өздерінің берілгендіктерін түрлі жолдармен көрсетеді. Адамдардың басым көпшілігі осындай құдайларға ізет білдіретіндіктен, олардың жүректерінде әлі де аңсау мен зарлау қалып қояды. Мұндай адамдар жан айқайына өткінше ғана жеңілдік табады және ертеңгі күнге деген жігерлері аз болады. Олардың өкініштеріне орай болашақтары дәл өткен шақтай болып қалады. Олар қызмет ететін құдай олардың өміріндегі бостықты толтыра алмайды.

Иса 3 minutes

Францияның үлкен қаласы Парижде, Генерал Наполеонның ескерткіші ретінде мемориал тұрғызылған. Он сегізінші ғасырдың соңғы жылдары мен он тоғызыншы ғасырдың басында ол Еуропадағы ең қауіпті адамға айналды. Оның соғыстағы ең әйгілі жеңістері және әсерлі жаулап алуларының деңгейінің жоғары болғаны сонша, Англияны санамағанда толық Еуропа дерлік оның басқаруында болды. Өршіл генерал бүткіл әлемді басқарамын деген ой жетегінде жүрді.

Құтқарылу 4 minutes

Қорқыныш дегеніміз не? Құдайдан қорқу Болашақ қорқынышы Сәтсіздік қорқынышы Азап шегуден қорқу Өлімнен қорқу Қорқыныш дегеніміз не? Қорқыныш, жасырын жау, ол кез-келген жастағы және нәсілдегі адамдарға, өмірдің әр қилы жолына түседі. Бұл нәзік және жойқын, біздің ойлауымызды уландырып, ішкі тыныштықты бұзады және өмірге деген құлшынысымызды төмендетеді. Бұл бізді мазасыздандырады, алаңдатады, үрейшіл етеді, ренжітеді және жасқаншақ етеді; қандай жағымсыз, қажетсіз сезім!

Киелі кітап Құдайдың сөзі, мәңгілік ақиқат. Ол жаратылыстың басталуын, адамның Құдайға мойынсұнудан бас тартуын, және күнәнің кесірінен келген қасірет жайлы баяндайды. Сонымен қатар ол Құдайдың адамға деген сүйіспеншілігінен оны құтқарып алуға жасаған жоспары жайында айтады. Ол Құтқарушының дүниеге келуі жайында, Оның адамзаттың күнәлары үшін құрбан болуы және адамның құтқарылуы үшін қайта тірілгені жайында айтады. Кім осы хабарға сенетін болса соның күнәлары кешірілетін болады, жанына тыныштық, барлық адамдарға деген сүйіспеншілік, күнәнің үстінен билік, және мәңгілік өмірге деген тірі үміт қабылдайды.

Құтқарылу 10 minutes

Уақыт деген түсінік әлі де пайда болмай тұрғанда Құдай, Оның Ұлы Иса, және Киелі Рух бар болған. Олар әлемді, және ондағының барлығын жаратты. Өзінің сүйіспеншілігімен, Құдай адамды Өзіне бейнелес етіп жаратты және тамаша пейіш бағына орналастырды. Адам болса Құдайдың нұсқауларын орындаудан бас тартты. Бұл мойынсұнбаушылық күнә болды және адамды Құдайдан ажыратып жіберді. Құдай енді адамдар өз күнәлары үшін мүлтіксіз жас жануарларды құрбандыққа шалуы керек екендігін айтты. Бұл құрбандық олардың күнәларын өтей алмайды, бірақ Құдай ұсынатын біржола және соңғы құрбандығына ғана меңзейді. Бір күні Құдай барлық адамзаттың күнәлары үшін біржола құрбандық болуға Өзінің Ұлы Исаны осы әлемге жібереді.

Иса, Color 4 minutes

“«Тыныштық – Біздің халқымыздағы, үйіміздегі, және бәрінен бұрын өзіміздің жүрегіміз бен ой санамыздағы тыныштық қайда?! Осы үміті үзілген айқай көптеген ғасырлар бойы жалғсып келді. Бұл сіздің жүрегіңіздің де айқайы ма? Адамдар шаршаған және күйзелген. Еш күмәнсіз бұл жерде бағыт-бағдар мен кеңеске деген, қауіпсіздік пен сенімділікке деген мұқтаждық бар. Жанымыздың тыныштығын қалаймыз және соған мұқтажбыз. Жан тыныштығы – не деген қазына! Осы қазынаны жанжал мен қажушылық, ретсіздік пен тынышсыздыққа толы әлемде табуға болады ма?

Мәсіхшіліктің негізі Құдайда, Оның Ұлы Иса Мәсіхте, және Құдай Сөзі Киелі кітапта қаланған. Мәсіхші – Киелі кітапқа сенетін және Иса Мәсіхтің тәліміне сай өмір сүретін адам. Өмір сүрудің осы түрі тыныштық пен қанағат алып келеді және бізді аспандағы мекенімізге дайындайды.

Әркім өзіне мынадай маңызды сұрақ қоюы керек: «Мен құтқарылу үшін не істеуім керек?» Көптеген адамдар өздерінің құтқарылғандығына сенеді, бірақ Иса былай дейді: «Маған: «Мырза, Ие!» дейтін әркім емес, көктегі Әкемнің еркін орындайтындар ғана Оның Патшалығына кіре алады» (Матай 7:21). Құтқарылу үшін Мәсіх біздің күнәларымызды кешіретініне сену керек. Сөйтіп біз күнәларымызға өкініп, қасиетті өмір сүріп, бір-бірімізді сүюіміз керек. Көптеген діндерден көптеген ілімдер тарағандықтан, «шындық деген не?» - деген сұрақ туындауы мүмкін.

Құтқарылу 4 minutes

Дәл қазіргі сәтте сіз тірісіз, тыныс алудасыз, қозғалыстасыз немесе жұмыс жасаудасыз. Мүмкін сіз, жайлы өмір сүрудесіз, немесе мұқтаждықта боларсыз. Күн шығып және қайтадан батуда, бір жерде сәби дүниеге келуде, алайда сонымен қатар басқа бір жерде, біреу әрдайым қайтыс болуда. БАРЛЫҚ ӨМІРІМІЗ ТЕК УАҚЫТША ТҰРАҚТАЙТЫН ЖЕР. АЛАЙДА, СІЗ ӨЛІМНЕН КЕЙІН ҚАЙДА БАРАСЫЗ? Сіз діншіл болсаңыз да, немесе ешқандай ілімге сенбейтін болсаңыз – Сізге қайткен күнде де осы ең маңызды сұрақты шешуіңіз керек, Өйткені қамшының сабындай қысқа өмірде, адамдар өзінің мәңгі тағдырына барады. (Уағыздаушы 12:5) СОНЫМЕН ҚАЙДА?

Менің досым бар. Ол менде бұрын-соңды болған достардың ең жақсысы. Оның мейірбан және шынайы болғаны соншалық, сенің де Оны білгеніңді қалаймын. Оның есімі Иса. Тамаша жағдай мынада, Ол саған дос болғысы келеді. Ол жайында саған айтып беруіме рұқсат етуіңді сұраймын. Біз бұл оқиғаны Киелі кітаптан оқимыз. Киелі Кітап шынайы. Ол Құдайдың сөзі. Құдай әлемді және ондағының барлығын жаратқан. Ол аспан мен жердің Тәңірі. Ол барлығына өмір және тіршілік лебін берді.

Сүйіспеншілік… қандай тілде айтылса да әдемі сөз. Осыны айтқанда ойымызға не келеді? Махаббат, қамқорлық, жылулық, жақсылық, үйлесімдік, қауіпсіздік, мүмкін ана деген сөз? Өзіңіз ойлап көріңізші, осы әдемі сөздің шын мағынасы қандай? Сізді сүйгенін қалайсыз ба? Сіз сүйесіз бе?

Құтқарылу 5 minutes

Бүгінгі күні көптеген адамдар «мен аспанға баратындай жеткілікті жақсы емеспін, тозаққа дабаратындай соншалық жаман емеспін» деген адамға ұқсайды. Олар өздерін айтарлықтай жақсыдеп санайды және Құдай оларға қандай да бір жолмен көкте үй береді деп ойлайды. Киелі кітапта адам туралы не айтылған? Онда: «Адамның жүрегі бәрінен бетер алдамшы әрі жазылмайтындай бүлінген. Оны танып біле алатын кім бар?» дейді (Еремия 17: 9). «Бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды». Мен де, сіз де. Біз орманда адасқан адамға ұқсаймыз. Ол ақыры сондай шатасып кеткендіктен, отырып, біреудіңоны табуын күтуге тура келеді. Сіз адастыңыз ба? Сіз қайда бару керектігін білесіз бе?

Құтқарылу 6 minutes

Сіз кешірілдіңіз бе? Сіздің мәңгілік болашағыңыз осы маңызды сұрақтың жауабына тікелей байланысты. Киелі кітап бізді былай деп үйретеді: «әділ ешкім жоқ, тіпті бірде-бір әділ кісі жоқ» (Римдіктерге арналған хат 3:10) Осы тараудың 23 – ші аятында былай делінген: «бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды.» Біз күнәлардың салдарынан құтылғымыз келсе, Құдайдың кешірімін табуға тиістіміз. Бір күні біз Құдаймен қиямет сотында кезігетін боламыз. «Барлығымыз Мәсіхтің төрелік тағының алдында тұрып, әшкереленуге тиіспіз ғой. Сонда әрқайсымыз тәндік өміріміздегі іс-әрекетіміздің жақсы-жамандығына қарай лайықты бағамызды алатын боламыз.» (Қорынт. арн. хат. 5:10)

Сіз жайында барлығын білетін біреудің бар екендігін білесізбе? Құдайдың Ұлы Иса, сіздің қай кезде болмасын жасаған әрекеттеріңізді біледі. Ол әлемді және ондағының барлығын жаратты. Ол өткен шақты, кәзіргі кезді және болашақты біледі. Ол сізді сүйеді және осы әлемге сізді күнәдан құтқару үшін келді. Оның сіздің өміріңізге бақыт әкелетін жоспары бар. Бір күні Иса достарымен саяхаттап келе жатты. Ол Самариядағы ауылдық аймаққа тоқтады. Достары тамақ алып келуге кеткен кезде, Иса бір су құдығының жанында демалып отырды. Иса сол жерде отырған кезде, бір әйел құдықтан су алуға келді. Иса одан: «Маған ішетін су бересіңбе?» - деп сұрады.

Сіз бақытты адамсыз ба? Қорқыныш пен күнәнің айыбы сіздің бақытыңызды алып кете алады. Сіз, «Мен қалай бақытты бола аламын?» - деп уайымдауыңыз мүмкін. Менде сіз үшін жақсы хабар бар! Сізге көмектесе алатын біреу бар. Ол сіздің күнәңізді кешіріп, сарқылмас бақыт сыйлай алады. Оның есімі Иса. Сізге Ол жайында айтып берейін. Ол Әке, Құдай, және әлемді Жаратушы. Ол әлемдегінің барлығын жаратты. Ол сізді және мені жаратты.

Иса, Color 3 minutes

Сіз Қасиетті Құдайдың алдында адам күнәлі деп табылып, оның өлім жазасына кесілгенін білесіз бе? Егер ол осы мәңгілік өлімнен құтылып, мәңгі құтқарылғысы келсе, онда ол Құдайдың мейірімін алуы керек. Бұл жағынан мейірімділік - Құдайдың адамнан өзіне лайықты жазаны тартқызбай ұстап тұруында. Бірақ Құдай, тіпті құтқарылу тегін, ақысыз және оны еңбектеніп иеленуі мүмкін емес болса да адамдарға Өзінің мейірімділігін ешқандай шартсыз бермейді. Құдайдың мейірімділік танытатын шарты - бұл тәубеге келу.

Құтқарылу 4 minutes

Джон В. Рейнолдс Менің ойыма келетін қайта тірілу орын алған ең қызықты оқиға, Джеферсон аймағының жылқы ұрлаушысы әйгілі Джордж Леннокс жайында. Ол өзінің екінші мерзімін өтеу барысында болатын. Седжвик аймағы оны бірінші ретте де осы сияқты жылқы тонаушылығына бола түрмеге отырғызған болатын.

Болашақ 11 minutes

Киелі кітаптың мақсаты Шайтанға және оның жұмысына көңіл аудару емес. Дегенмен, біз Киелі кітаптың оның мінезі мен әрекеттерін әшкерелегенін көптеп көре аламыз. Шайтан бір кездері періште болған, бірақ ол өзінің жаратушысы Құдайға қарсы шықты, және Ол сияқты болғысы келді. Шайтанның түнек патшалығының тәжирибесі жаңа емес. Құдай патшалығымен бәсекелесуге күш салуы бұрынғы заманнан бері келе жатқан белгілі жайт. Ол Құдайдың Киелі Рухы арқылы жүзеге асырылатындардың баламасын ұсынады.

Құтқарылу 5 minutes

Сіздің «Егер мен толықтай бостандықта болсам, мен бақытты болатын едім, менде тыныштық болатын еді» - деп ойлаған кездеріңіз болды ма? Көптеген адамдар бақыттылық пен тыныштыққа жету үшін толық бостандықта болуды іздеген. Адамдар барлық шектеулерден азат болғысы келеді, қалай болғанда да, олар қалағандарын істей алса, осы әлем оларға бақыт алып келеді деп ойлайды. Бұл солай ма?

Жохан жазған ізгі хабар 10:1-18 Сіздің есіміңізді біреудің атап шақырып жатқанын, алайда оның даусының қай жақтан шығып жатқанын білмей тұрған кезіңіз болды ма? Немесе жан-жақтағы көптеген шудың кесірінен дауысы әрең естілген кез. Тыңдаңыз, дауыс сізді шақыруда. Сізді! Сіз кімсіз? Сіздің есіміңіз кім? Сіз қай жерден келдіңіз? Қай жерде тұрасыз? Қайда бара жатырсыз? Сіз елді мекеніңіздің аталуын білерсіз. Мүмкін сіз басқа еш жерде болмаған боларсыз. Алайда сіздің елді мекеніңіз үлкен мемлекеттің бір бөлігі екенін білесіз, және мемлекеттердің барлығы бүткіл әлемнің бір бөліктері.

Құтқарылу 6 minutes

Дұрыс және берік ғимарат салу - тіктеуіш деп аталатын құралдың көмегімен мүмкін бола алады. Мұндайқұралсыз, қаншалықты жақсы және шынайы болса да, құрылысшы елеулі қателіктер жіберуі мүмкін. Сол сияқты, біздің өміріміз бен нанымдарымызға Құдай Сөзінің тіктеуіші бағыт беру керек. Мына сілтемелерді оқыңыз: Забур 118:105; 2 Тімотеге 3:15-17; Амос 7:8. Мынадай танымал түсінік бар: «Сіз шынайы болсаңыз, қандай нәрсеге сенетініңіз маңызды емес». Әйтседе, сенуге және дұрыс нәрсені істеуге шын ниетпен қарау керек. Біз өз нанымдарында шынайы болғаны соншалық олар үшін өлуге дайын болған адамды қатты құрметтейміз. Бірақ шынайылықтың өзі жеткіліксіз.

Алдау 3 minutes