Құдайдың Сөзінің жарығымен Шайтанның тактикасын анықтау
Киелі кітаптың мақсаты Шайтанға және оның жұмысына көңіл аудару емес. Дегенмен, біз Киелі кітаптың оның мінезі мен әрекеттерін әшкерелегенін көптеп көре аламыз.
Шайтан бір кездері періште болған, бірақ ол өзінің жаратушысы Құдайға қарсы шықты, және Ол сияқты болғысы келді. Шайтанның түнек патшалығының тәжирибесі жаңа емес. Құдай патшалығымен бәсекелесуге күш салуы бұрынғы заманнан бері келе жатқан белгілі жайт. Ол Құдайдың Киелі Рухы арқылы жүзеге асырылатындардың баламасын ұсынады.
Мысырдан көшіп шығу жазбасында Мысырлық сиқыршылардың Құдайдың Мұсаның қолымен істеген кереметтерін қайталауға тырысқан күші жайында оқимыз. Әйүп кітабында, Шайтан Әйүптің Құдайға деген адалдығына үлкен қызғанышпен қарағанын көреміз. Ол Әйүпті Құдайдан бас тартқызу мақсатында қатыгездік пен қастандықты қолданды.
Шайтанның қолданатын әдістері былай сипатталады: қорқыныш, қоқан-лоққы, ләзат пен күш беруге уәде, үрейлендіру, және күдік келтіру. Оның бізге көрсететін алғашқы нәрселері өте қызықты және еліктіргіш болып көрінеді. Ол: «Сен болашақты білгің келеді ме? Немесе, ешкім ие бола алмайтын көрегендікке ие болғың келеді ме?» - деп ұсынады. Ол ғылымнан тыс ем түрлерін ұсынуы мүмкін. Астрология мен балгерлік, алғашында зиянсыз болып көрінуі мүмкін, алайда жуырда бұған сиқыр сөздер немесе формулалар қосылады, кейбір арнайы күндерді сақтау және сәтсіз сандардан қорқыныш туындайды. Біздің үстімізден билігі болуы мүмкін рухтарды құрметтеп олардан қорқу керек деген түсінік енгізіледі. Осылайша Шайтан аңғал адамдарды өзінен және оның жындарынан қорқуға арбайды.
Тым көп адамдар бастапқыда мүлдем зиянсыз болып көрінетін нәрселерге еліккендіктен тұзаққа түсіп қалды. Уидж тақташасын тәжірибелеп, жұлдызнама, алақанды оқу, және басқа да қөптеген осы сияқты тәжірибелер арқылы, олар өздерін ары қарай қинайтын рухтарға әлсіз етті.
Шайтанның мақсаты Мәсіхшінің Құдайға деген сенімін қиратып толығымен бұзу. Мәсхші Иса Мәсіхке, және тек Соған ғана сенім артқанда жеңіске жете алады. Белгісіз нәрселерді білуге деген қалау немесе билікке ие болуға деген құштарлық адамды кейбір кезде Шайтанның құзырлығындағы нәрселермен айналысуға итермелейді. Құдайға деген қарапайым сенім арту белгісіздікке байланысты тыныштық беріп, Мәсіхтің құдіретіне сенімді етеді.
Жай ғана қызығушылықтан немесе тәжірибелеуден бастау алған нәрсе, біртіндеп адамды үрейдің, жаман нәрсе болып қалады ма деген қорқыныштың, үстемдірек күштерден деген қорқыныштың, басқа адамдардан және Шайтанның өзінен деген қорқыныштық тұзағына түсіреді. Бұл қорқыныш осындай күмәнді тәжірибелерге қатысуға өзі жол берген адамды баурап алады. Осы қорқынышқа жауап ретінде Шайтан бұған қарсы ем бар деп сендіреді. Ол егер адам өзін бір жораға беріп немесе белгілі бір шарттарды орындаса көбірек күшке ие болады деген ұсыныс береді. Басқа рухтардан деген қорқыныштан арылудың жолы бағышталғанда немесе жеке күшіміз көбірек болғанда, деп айтады ол. Сөйтіп, адам тыныштықтың биік деңгейіне жеткізудің орнына шайтанның бітпейтін жексұрындықтың бұралымының түбіне алып келетін биліктің деңгейлерінің ретімен танысады. Шайтан ұсынатын қауіпсіздік осылайша қол жетімсіз болып шығады, өйткені ол әлі де өзінен биік тұрған зұлым күштен қорғанның керектігімен ауысып отырады. Бұл сатанизмнің жүйесі.
Шайтанның жоспары Құдайды ысырып тастау. Шайтан мадақталуға емес, мадақтау айтуға жаратылған еді. Ол ең жоғарғы күш иесі емес, ол Құдайдың Тоқтысын жеңе алмайды, ол қорған бере алмайды, ол біздің саулығымызды ойламайды. Соған қарамастан, ол адамдарды өзіне бағынышты ету үшін үстінен билік жүргізуді тәжірибелей беруде. Ол Құдайға және Оның патшалығына деген сенбеушілікті тудыруға тырысуда. Ол иесі өзі болатын ұйым құруға тырысуда. Бұл қорқыныш жүйесі және күштердің елесі арқылы дамуда. Ол адамдардың саналарын баурап алу мақсатында керемет істер жасайды (Қорынттықтарға арналған екінші хат 11:14-15). Осы жүйенің нәтижесі адамдардың, отбасылардың, үкіметтердің тыныштығы мен қорғандарының жойылуы болмақ. Қашып кетуге тырысқан адамдарды қауіп-қатер туғызу арқылы ұстап қалады.
Шайтан сіздің ең зұлым, ең жауыз, ең қастан, ең сұмдық жауыңыз. Ол толығымен арсыз. Ол өтірікші. Оның ішінде бір де бір шындық жоқ – «Әзәзіл өтірікті өз болмысына сай айта береді, себебі ол — өтірікші, өтіріктің бастауы». (Жохан жазған Ізгі хабар 8:14) Ол кісі өлтіруші, қиратушы. Ол жек көрушілік пен зұлымдықтың нағыз өзі. Ол ешқандай ақтайтын жақсылығы жоқ тұла бойын толығымен зұлымдық басқан.
Шайтан барлық зұлымдық атаулының арандатушысы. Ол үшін қылмыс, күнә, тым зұлым немесе тым жексұрын деген нәрсе мүлдем жоқ. Ол барлық жек көрушіліктің, барлық қылмыстың, балалар мен әйелдерге келтірілетін қиянаттың, есірткіге салынудың, адамгершіліксіздіктің, отбасылардың құртылуының, барлық жанжалдың, барлық сиқырлықтың, барлық әділетсіздіктің себепшісі. Ол адамды зұлым сезімге беріліп қылмыс пен зұлымдықты жасатудан, бұзылған және азғын адамдардың қолымен жазықсыз адамдарға қарсы қылмыс жасаудан рахат табады. Ол аяусыз және кешірімсіз. Азапталушылық оның жанашырлығын тудырмайды. Қан төгу мен өлтіру оның мақсатына жетудегі құралы. Ол «ұрлап, өлтіріп, құрту» үшін келді. (Жохан жазған ізгі хабар 10:10)
Шайтанның мәңгілік тағдыры әлдеқашан шешіліп қойылды. Ол үшін және оның жындары үшін мәңгі өшпейтін оттың жері дайындалған. (Матай жазған ізгі хабар 25:41) Ол қолынан келгенше не ғұрлым көбірек адамдарды өзімен бірге осы азапта бірге қиналу үшін алып кетуді көздейді. Ол осыған біздің Құдайға деген сенімімізді әлсіретіп ақырында сенімімізді жою арқылы қол жеткізе алатынын біледі. Ол мұны ашық түрде Құдайдың сөзіне қарсы шықса да, немесе шеберлікпен жылы, аңғал, жүгенсіз Мәсіхшілікті еліктірсе де, іске асырады.
Шайтанның тұзағынан алып шығатын жол бар. Ол сіздің сол жерден шығуға мүлдем жол жоқ деп сенгеніңізді қалайды. Киелі кітап бізге Исаның тұтқындарды бостандыққа шығаруға келгендігі жайында айтады. Ол өмір беру үшін келді. Иса жол, шындық, және шынайы өмір. (Жохан жазған ізгі хабар 14:6) Иса жер бетінде өмір сүрген уақытында шайтанның азғындықтарынан бас тартуы арқылы және Құдайдың Сөзімен зұлым рухтарды қуып шығуы арқылы Шайтанның үстінен Өзінің билігін көрсетті. (Матай жазған ізгі хабар 4:1-11; Марқа жазған ізгі хабар 9:25-26) Иса Өзінің айқыш ағаштағы өлімі арқылы және Өзінің өлімнен қайта тірілуі арқылы Шайтанның күшін жеңді.
Біз осы жеңісті өзімізге қолданып жанымыздың қас жауын жеңе аламыз ба? Біріншіден, біз Шайтанның тұзағына түсіп қалғанымызды және одан келген қорқыныш арқылы байланып тұрғанымызды түсінуіміз керек. Біз бұның күнә екендігін және осылай қала берсек жоғалып кететінімізді мойындауымыз керек. Біз өзімізді өзіміз шайтанның тұзағынан шығара алмайтынымызды білгендіктен, бізді құтқаруын сұрап барлық жүрегімізбен Құдайды шақыруымыз керек. Біз күнәмізге өкініп және одан бас тартуымыз керек. Біз Иса Мәсіхтің біздің күнәларымыз үшін төгілген өтем беретін қанын сеніммен қабылдауымыз керек. Біз өзімізді Құдайға бағыштап, Оның кешірімін қабылдап және Оның Сөзіне адалдықпен мойынсұнуымыз керек. Біз осындай жағдаймен кездескендіктен Ол бізге Өзімен тыныштық береді, жүрегіміздегі жайсыздықты тынышталдырады, біздің күнәларымызды кешіреді, бізге жаңа болмыс беріп бізді Өзінің балаларының бірі етеді. Қайтадан туылудың мағынасы осы. Құдайдың шақыруынан бас тартқан әркім әлі де шайтанның патшалығында қала береді, ал ол айлакер ақыр соңында сондай адамды өзімен бірге мәңгілік азапқа алып кетеді.
Егер сіз Құдайдың сізге деген жоспарын түсінбеген болсаңыз, Құдайдың Сөзін оқып үйреніңіз, Оған жүрегіңізбен ашық мінәжат етіңіз, сонда Ол сізге жол көрсетеді. Құдай сізді Өзіне шақыруда, және сіздің шайтанның тұзағынан құтылып кеткеніңізді қалайды. Құдай сізді жарылқасын. Забур жырлары 90-ды оқыңыз.
Қосымша жазбаларға сілтемелер:
Лұқа жазған ізгі хабар 11:20-23 .......Шайтаннан Құдіретті Біреу
Римдіктерге арналған хат 6:20-23 .... Күнәдан азат болу
Ишая 61:1 ............. Тұтқындарға бостандық
Римдіктерге арналған хат 8:1-2......... Айыпталудан азаттық