Уақыт деген түсінік әлі де пайда болмай тұрғанда Құдай, Оның Ұлы Иса, және Киелі Рух бар болған. Олар әлемді, және ондағының барлығын жаратты. Өзінің сүйіспеншілігімен, Құдай адамды Өзіне бейнелес етіп жаратты және тамаша пейіш бағына орналастырды. Адам болса Құдайдың нұсқауларын орындаудан бас тартты. Бұл мойынсұнбаушылық күнә болды және адамды Құдайдан ажыратып жіберді. Құдай енді адамдар өз күнәлары үшін мүлтіксіз жас жануарларды құрбандыққа шалуы керек екендігін айтты. Бұл құрбандық олардың күнәларын өтей алмайды, бірақ Құдай ұсынатын біржола және соңғы құрбандығына ғана меңзейді. Бір күні Құдай барлық адамзаттың күнәлары үшін біржола құрбандық болуға Өзінің Ұлы Исаны осы әлемге жібереді.
Мәриям және Періште
Төрт мың жылдан кейін, Назарет қаласында, Мәриям есімді жас әйел өмір сүрді. Ол Жүсіпке тұрмысқа шығуға айттырылып қойылған еді. Бір күні Мәриямға періште келіп оның ерекше нәрестелі болатынын айтты. Оның есімін Иса деп қою керек болды. Бұл нәрестенің жердегі әкесі болмайды. Ол Құдайдың Ұлы болады.
Исаның туылуы
Періштенің келгенінен кейін, Жүсіп пен Мәриям салықтарын төлеу үшін Бетлехемге ұзақ жол жүріп кетті. Олар Бетлехемге жеткен кезде, қала адамдарға лық толы болып шықты. Ішінде орын болмағандықтан олар кештерін қорада өткізді. Сол жерде Иса дүниеге келді. Мәриям сәби Исаны жөргекке орап Оны ақырға жатқызды.
Малшылар
Сол түні, қаланың шетіндегі тау бөткерлерінде, малшылар өздерінің қойларын бағып жүрді. Сол кезде қастарына Періште келіп, Құдайдың нұрлы салтанаты олардың төңіректеріне сәулесін төгіп жіберді. Сонда Періште: «Қорықпаңдар. Менде барлық адамзатқа орасан зор қуаныш әкелетін ізгі хабар бар. Осы түні Құтқарушыларың дүниеге келді. Ол – Иеміз Иса Мәсіх. Сендер ақырда құндақтаулы жатқан Нәрестені көресіңдер» - деді. Содан кейін басқа да көптеген періштелер көрініп Құдайды былай деп мадақтап дәріптеді:
«Заңғар көкте Құдай мадақталсын!
Жер жүзінде Өзі риза болған
Адамдарға тыныштық болсын!»
Періштелер қастарынан алыстап кеткеннен кейін, малшылар өздерінің қойларын қалдырып, тездетіп Бетлехемге жөнелді. Бұл жерде олар Нәрестені дәл періште айтқандай күйде тапты.
Ғұлама адамдар
Иса туылғаннан кейін, Иерусалимге басқа мемлекеттен ғұлама адамдар келіп жетті. Олар сұрақ қойып: «Яһудилердің жаңа туған Патшасы қайда екен? Біз Оның жұлдызының шығыс жақтан туып, жарқырағанын көрдік. Жаңа туған Патшаға ізет білдіру үшін келіп тұрмыз» - деді. Ирод патша мұны естігеніне қуанышты болған жоқ. Ол дін мұғалімдері мен діни қызметшілерді бірге шақырды. Олар пайғамбарлардың айтып кеткені бойынша әлемнің әміршісі Бетлехемде дүниеге келуі тиіс екендігін айтты. Ирод патша ғұлама адамдарды осы патшаны іздестіруге Бетлехемге жіберді. Ғұлама адамдар Иерусалимнен шыға салысымен, жұлдыз оларды бір үйге жетелеп апарды, сол жерде олар Нәрестені тапты. Олар жерге жүгіне кетіп, Оған иіліп ізет білдірді, Сәбиге сый-тартуларын: алтын әрі жұпар шайыр мен мүр атты хош иісті заттарды ұсынды. Құдай ғұламаларға түстерінде зұлым Ирод патшаға қайта оралмауларын ескертті, сөйтіп олар үйлеріне басқа жолмен қайтып кетті.
Құдайдың силық жасауының себебі
Иса Құдайдың Ұлы болатын. Ол күнәсіз өмір сүрді және барлық жолдарында мінсіз болды. Отыз жасқа келген кезде, Иса халыққа Өзінің Әкесі Құдай жайында тәлім бере бастады. Ол көптеген кереметтер жасап, соқырларға көру қабілетін беріп, адамдарды ауруларынан сауықтырып, тіпті өлілерді тірілтті. Осылардың үстіне, Ол Аспандағы мәңгілік өмірге қалай ие болуға болатындығын үйретті. Содан кейін Ол Өзінің өмірін бүткіл әлемнің күнәлары үшін құрбандыққа берді.
Киелі кітап Жохан жазған ізгі хабар 3:16 былай дейді: «Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады.» Иса жер бетіне ең басты құрбандық болу үшін айқышта жанын қиюға келді. Оның өлімімен барлық күнәлардың құны төленді. Енді күнә үшін құрбандық ұсынудың қажеті жоқ. Бұл Құдайдың Құтқарушы жіберемін деген уәдесінің орындалуы болды.
Сонымен қатар Иса зұлым адамдардың қолдарымен өлтірілді, алайда өлім Оның үстінен билігін жүргізге алмайды. Үш күннен кейін Ол жеңімпаз болып өлімнен қайта тірілді. Содан кейінгі көкке көтеріліп кетерінен бұрын, Иса көптеген адамдарға көрінді. Содан кейін бір күні, Өзінің соңынан ерушілерін жарылқаған соң, Ол көкке көтеріліп кетті.
Біз Исаға сеніп өмірімізді Оған бағындыруды таңдағанда, Оның қаны бізді барлық күнәларымыздан тазартады. Осы құтқарылу сиын қабылдағандықтан, біз Құдаймен қайта бірігеміз. Иса біздің жеке Құтқарушымыз болады, және біз Оның балалары болудың жарылқауларымен рақаттана аламыз. Бір күні Иса қайта оралады. Ол барлық шын сенушілерді аспанға алып кетеді. Сол жерде олар Құдаймен мәңгілік өмір сүретін болады.