Францияның үлкен қаласы Парижде, Генерал Наполеонның ескерткіші ретінде мемориал тұрғызылған. Он сегізінші ғасырдың соңғы жылдары мен он тоғызыншы ғасырдың басында ол Еуропадағы ең қауіпті адамға айналды. Оның соғыстағы ең әйгілі жеңістері және әсерлі жаулап алуларының деңгейінің жоғары болғаны сонша, Англияны санамағанда толық Еуропа дерлік оның басқаруында болды. Өршіл генерал бүткіл әлемді басқарамын деген ой жетегінде жүрді.
Париждегі Салтанат Аркасы ескерткішінде Напалеонның соғыстары мен жеңістерінің тізімін оқуға болады. Дегенмен, бір өте маңызды соғыс ескерілмеген, Иә! бұл – Ватерлоода болған тарихи қақтығыс. Бұл жерде жеңіліс болды. Үрдіс басқа бағытқа өзгерді. Ол өте маңызды шайқаста жеңіліс тапты, сондықтан оның өршілдігі тоқталып қалды. Осының салдарынан ол қуғынға жіберілді, ақырында жек көрінішті адам болып дүниеден өтті.
Напалеонға бүткіл әлемді жаулап алып, соңында бір ғана Ватерлоода болған шайқастан жеңіліс тапқаны оған не әкелді? Оның даңқы, әйгілі болғандығы және сәттілігі аяқ астынан жоқ болды. Оның өткен шақта болған жеңістерінің барлығы осындай жеңіліс тапқан жағдайына ешқандай пайда әкелген жоқ. Осы шайқастан жеңілуі арқылы ол барлығынан айырылып қалды.
Әр-бір жауапкершілігі бар жан, өмірінде ең үлкен рухани шайқастармен кезігеді. Осы шайқастардың салдарының салмағы мен маңыздылығы өте зор. Ватерлоода болған жеңіліс Напалеонға өмір бойына масқара әкелді. Жаныңыздың шайқасында жеңіліс табуыңыз сізге мәңгілік қайғы-қасырет алып келеді. Мәсіхсіз өзімшіл өмірдің қашып құтыла алмас салдары жайында ойланып көрдіңіз бе?
Сіз өміріңіздің шайқасында жеңіліс таппақсыз ба? Өмір мен өлім арасындағы шайқаста? Аспан мен тозақтың шайқасында? Өзімшілдіктен бас тарту мен өзімшіл болудың арасындағы, сіздің жаныңыз бен әзәзілдің арасындағы шайқаста? Иса былай дейді: «Адам бүкіл дүниеге ие болып, сол себепті (мәңгілік) өмірінен айырылса, бұдан оған не пайда?» (Марқа 8:36)
Осы табиғи әлемдегі иелігіміз көп немесе аз болса да, егер біз өзіміздің жанымыздан айырылып қалатын болсақ бұл қандай қасірет болмақ! Біздің мәңгілік тағдырымыз анықталады. Көптеген адамдар осындай міндетті түрде жүргізілетін ғаламат рухани соғыстың бар екендігіне мән бермейді. Олардың түсінігі шайтанмен және осы әлеммен соқыр болып қалған, және олардың күнәға қарсы соғыстың бар екендігіне байланысты түсініктері ұйқыға кеткен. Киелі кітап былай дейді: «Оян, ей, ұйқышыл, Рухани өлімнен тіріл! Мәсіх саған төгеді нұр». (Ефестіктерге арналған хат 5:14) Күнә мен шайтанның шынжырын лақтырып тастаңыз. Мұны соңына дейін жалғасатын шайқасқа айналдырыңыз. Сіз табиғи өлімнен қашып құтыла алмайсыз, алайда, сіз мәңгілік өлімнен құтылып кете аласыз. «Бұдан кейін ажал мен о дүние тозақ отына лақтырылды.» (Аян 20:14) Тозақта «тәндерін кеміретін құрттар өлмейді, жалындаған от та сөнбейді» (Марқа жазған ізгі хабар 9:48) Егер сіз жаныңыздың құтқарылуы шайқасында жеңілетін болсаңыз, бұл тозақтағы мәңгілік қаза мен азапталуға әкеледі.
Сіз бен өлімнің арасында бір ғана қадам бар екендігі жайында бұрын-соңды ойланып көрдіңіз бе? Сіз өмірдің шегінен өтіп мәңгілікке аттануға дайынсыз ба? Сізді аспандағы үйіңізге әкелетін жеңіске жету үшін, «күнәкарларды құтқару үшін өмірге келген» Исаға келуіңіз керек. (1 Тімөте 1:15) «Алайда қазір Ол барлық жердегі адамдардың бәріне де теріс жолдан қайтуды бұйырады.» (Елшілердің істері 17:30) ҚАЗІР! Ертең немесе ыңғайлы кезеңде емес. «Тыңдаңдар: Оның мейірім көрсететін кезі осы, құтқаратын күні, міне, бүгін!» (Қорынт. арналған екінші хат 6:2) Егерде сіз әлі де Мәсіхті жүрегіңізге қабылдамаған болсаңыз, егер сіздің өткен өміріңіз сізді айыптаса, сіз жаңадан туылуды басыңыздан кешірмеген болсаңыз (Жохан жазған ізгі хабар 3:3), қол қусырып жатпаңыз. Тәубеге келіңіз! Қандай болсаңыз сондай күйіңізде Мәсіхке келіңіз, өйткені Ол сіздің жүрегіңіздің есігін қағуда. Ол былай деді: «Кімде-кім даусымды естіп, есік ашса, Мен оның жан дүниесіне еніп, онымен бірге «дастарқандас» боламын; ол да рухани нәр алып, Менімен тығыз байланыста болады. Сіз: «Күнәкар адам шынымен құтқарыла алады ма?» деп сұрауыңыз мүмкін. Иә! Исаға барлық жүрегіңізбен сеніп келіңіз, және күнәларыңызға өкініп, Киелі Рухтың даусына мойынсұнып, Оны өзіңіздің жеке Құтқарушыңыз ретінде қабылдаңыз. Сонда сіз жаныңыздың шайқасын жеңіп шығасыз. Сіз тыныштық пен қуанышты тек осы өмірде ғана қабылдап қоймай, сонымен қатар мәңгілікте Құтқарушыңызбен бірге шаттық пен салтанатта рахаттанатын боласыз. Мыңдаған жылдар бұрын Езекиел пайғамбар былай деген: «Ал егер зұлым адам тәубеге келіп, жасап жүрген барлық күнәларынан бас тартса, әрі Менің ережелерімді ұстанып, игі де әділ іс-әрекет істейтін болса, ол өлімге кесілмей, сөзсіз өмір сүре беретін болады.» (Езекиел пайғамбар 18:21)
Егер сіз осы күнәкар өмірдің ләззатында өмір сүруді қаласаңыз, одна Напалеонның Ватерлоодағы жеңіліс тапқаны іспетті, сіз де ақыр соңында жеңіліске тап болғаныңызды байқайтын боласыз. Сіз, батып бара жатқан құтқарушысы жоқ адамның кейпін киіп өлім құшатын боласыз. Мәңгілікті тозақта өткізу не деген тағдыр болмақ! Кейінге қалдырмай өмірдің Сақтаушысы Иса Мәсіхтен мықтап ұстаныңыз. Ол толықтай құтқарылу әкеледі (Еврейлерге арн. хат 7:25). Мәңгілік аспанда! Содан кейін сіз, соңғы шайқасқа байланысты, елші Пауылмен бірігіп былай деп айта аласыз: «Құдайға шүкірлік етейік! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды.» ( Қорынттықтарға арналған бірінші хат 15:57)
Қымбатты жан, сіздің жеңісті немесе жеңілісті таңдауға мүмкіндігіңіз бар, Жұмақты немесе Тозақты, тірі Құдайды немесе шайтанды, қуанышты әрі даңқты мәңгілікті немесе қайғы қасіретті. «Мен бүгін сендерге қарсы көк пен жерді айғақ болуға шақырып отырмын: таңдап алуларың үшін өмір не өлім, жарылқау не қарғыс әкелетін жолдарды алдарыңа жайып салдым. Ендеше өмірді таңдап алсаңдар ғой!» (Заңды қайталау 30:19) Дәл қазір Исаны таңдаңыз!