Джон В. Рейнолдс
Менің ойыма келетін қайта тірілу орын алған ең қызықты оқиға, Джеферсон аймағының жылқы ұрлаушысы әйгілі Джордж Леннокс жайында. Ол өзінің екінші мерзімін өтеу барысында болатын. Седжвик аймағы оны бірінші ретте де осы сияқты жылқы тонаушылығына бола түрмеге отырғызған болатын.
1887 – 1888 жылдың қысы бойына, ол көмір шахтасында жұмыс істеді. Оның өзіне жұмыс атқарып жүрген жері қауіпті болып көрінді. Осы жағдайы жайында ол жауапты қызметкерге айтып жеткізеді, алайда ол адам тексеріс жүргізіп, бөлмені қауіпсіз деп табады, содан ол Ленноксқа жұмысына қайта оралуын тапсырады. Тұтқын, мойынсұнып, жұмысын жалғастыруы бір сағаттан артық созылмады, өйткені үйдің шатыры ішіне қарай құлап оны толығымен көміп қалды. Ол осындай қалпында толық екі сағат бойы жатты.
Ол түскі асқа келмегендіктен, осы жоғалған тұтқынды іздеу басталады, және ақыры ол үйінді қоқыстың астында көміліп қалған жерінен табылады. Өмір аяқталғандай болып көрінді. Оны жоғары шығарғаннан кейін түрменің дәрігері тексеріс жасап, оны өлі деп жариялады. Осы адамнан қалғанды ауруханаға жеткізіп, ол жерде жуылып киіндіріліп жерленуге әзірленді. Оған табыт әзірленіп ауруханаға жеткізілді. Капеллан соңғы қайғылы жерлеуге даярлау рәсімін орындауға келді. Аурухананың басқарушысы бірнеше тұтқынға өлікті тақташадан көтеріп алып, бөлменің ішімен өтіп табытқа қоюды бұйрырды. Олар айтқанын орындап, біреуі бас жағынан екіншісі аяқ жағынан алып, бөлменің жарты жолына дейін жақындағанда, бас жағында келе жатқан біреуі түкіргіш ыдысқа кездейсоқ сүрініп, тепе-теңдікті сақтай алмай, табытты қолынан түсіріп алады. Өлі адамның басы жерге соғылады, және сол жерде тұрған барлығының аң-таңдығы мен қайран қалуына орай, терең ыңқыл естілді. Жақын арада көзі де ашылды, және өмірдің басқа да көріністері орын алды. Тез арада дәрігер шақырылды, және оның келерінен бұрын, шамамен отыз минуттай уақыт өткен соң, өлі адам бір кесе су сұрады, және сол суды ішіп отырған уақытында дәрігер де келіп жетті.
Табыт болса кері апарылып қойылды және кейінірек басқа тұтқынды жерлеуге қолданылды. Оның көмуге арналған лыпа киімі алынып, орнына тұтқынның киімі қайта кигізілді. Тексеріс кезінде оның бір аяғының екі жерден сынғаны анықталған болатын, және басқа да жерлері көгерген еді. Осылай ол ауруханада алты айға жуық уақыт болғаннан кейін, қайтадан жұмысына кірісті.
Өлгеннен кейін осындай әдеттен тыс жағдайды басынан кешірген адам жайлы шахтер достымнан естідім. Қызығушылықтың жетегімен, мен осы оқиғаны басынан кешкен Леннокс деген кісімен жеке танысуды аңсадым, осылайша бұл оқиғаны өзінің аузынан естуді көздедім. Осындай мүмкіндікке бірнеше ай бойы жол ашылмады. Ақыр соңында бұл орындалды. Шахтадан шығарған соң мені бір түрменің бөлімшесіне бір жылдық есептеме жазуға тағайындады. Осы адамның өмірге қайта оралуы жайындағы тақырып, оның мен болған кеңсенің маңынан кездейсоқ өтіп бара жатқан жерінен байқап қалған кезімде бір күн бойы талқыланды. Оның қолындағы жазбаны байқап қалғанға дейін бұл ұзаққа созылмаған еді, содан кейін мен оның менің жұмыс орныма өтуін сұрадым. Ол солай істеді де, және сол жерде мен онымен жақынырақ таныса бастадым, сөйтіп осы таңғажайып оқиғаны өзінің аузынан естідім. Ол шамамен отыз жастан аспаған жас жігіт. Ол бір кездері түзелместей қылмысқа берілген, өте білімді және табиғи жағынан көрнекті ашық адам екен.
Оның оқиғасының ең таңғажайып бөлігі оның өлі болған кезінде басталады. Өзім стенографиялы сұхбатшы болғандықтан, оның оқиғасын ауызекі сөзінен жазып алдым.
Ол былай деді: «Таң бойы мен бір сұмдық нәрсенің болатынын сезіндім. Осы сезімдеріме бола өзіме жай таппадым, сөйтіп менің шахта басшым мистер Грасонға жолықтым және өзімнің қалай сезініп тұрғанымды айтып, менің көмір қазу жұмыстарын істеп жатқан бөлмемді тексеріп шығуын өтіндім. Ол келіп, тиянақты тексеріс жасағандай болды, ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп, және менің есімнен адасайын деген екенмін деген ойын айтып, маған жұмысқа қайта орылуымды тапсырды. Мен жұмысыма қайта оралдым, және шамамен бір сағат бойы қазу жұмысын жалғастыра бердім, кенеттен барлығы қап-қараңғы болып кетті. Содан кейін үлкен темір есік ашылғаны көрінді, және мен сол есіктен шығып кеттім. Содан кейін менің өліп қалған екендігімді және басқа әлемде екендігіді түсіндім. Мен ешкімді көре алмадым, ешқандай дыбысты да естімедім. Өзіме түсініксіз себеппен, мен сол есіктен алшақтап жүре бастадым, біраз қашықтық жүрген соң бір кең өзеннің жағасына келіп жеттім. Дала қараңғы болған жоқ, алайда жарық та емес. Жұлдызды жарық кеште болатыны сияқты мөлшерде жарық болды. Осы өзеннің жағасында тұрғаныма көп уақыт өтпей-ақ, судың арасынан ескектердің даусы естілді, жуыр арада мен тұрған жерге қарай бір адам қайықпен жүзіп жетті.
«Мен тілімді жұтып қойғандай үнсіз тұрдым. Ол маған бір сәт көз жүгіртіп мені алып кетуге келгенін айтып, өзеннің арғы бетіне өту үшін қайыққа отыруымды бұйырды. Мен солай істедім. Басқа ешқандай сөз айтылмады. Мен оның кім екендігін және мен қай жерде екендігімді сұрығым келді. Алайда тілім таңдайыма жабысып қалғандай болды. Мен бір сөз де айта алмадым. Ақырында, біз қарама-қарсы жағаға жеттік. Мен қайықтан шықтым, ал қайықшы көзден ғайып болды.
«Осылайша жалғыз қалып, не істерімді білмей тұрдым. Көз алдыма қарағанда, қараңғы шатқалдан өтіп тұрған екі түрлі жолды байқадым. Олардың біреуі кең және жүріп өтуге жеңіл жол болып көрінді. Екіншісі тар жол болды және басқа бағытқа нұсқап тұрды. Мен түйсікті түрде сол әбден тапталған даңғыл жолмен жүріп кеттім. Мен көп алыстамай жатып ақ қараңғылана түскенін байқадым. Қалай болғанмен де тысқарыдан бір жарық сәулесін түсіріп тұрды, сондықтан мен келе жатқан жолымды көре алдым.
«Сол уақытта сөзбен еш айтып жеткізе алмайтындай бір жаратылыс мені күтіп алды. Оның жиіркенішті түрі жайында тек әлсіз ғана сипаттама бере аламын. Одан бір жағынан адамға ұқсастығын байқауға болады, алайда мен бұрын-соңды көрген кез-келген адамнан әлдеқайда ірі болды. Оның бойы кем дегенде үш метр болса керек. Арқасында үлкен қанаттары бар. Ол мен қазған көмір сияқты қап-қара және толықтай жалаңаш күйі болды. Қолында сабының ұзындығы кем дегенде төрт жарым метір болатын найза ұстап тұрды. Көздері отты шарлардай болып көрінді. Оның тістері, інжудей ақ және ұзын болды. Мұрны, оны мұрын деп атай алсаңыз әрине, өте үлкен, кең және жалпақ болды. Шаштары ірі, ауыр және ұзын. Шаштары оның батпандай йықтарынан жайылып шығып тұрды. Оның даусы айтып жеткізе алсам айуанханадағы арыстанның ырылдауындай шықты.
«Оны көруім жарықтың бір ұшқынының жанған қас-қағым сәтінде болды. Мен сырттай қарағанда көктерек ағашының жапырағындай дірілдеп тұрдым. Ол найзасын маған қадап жіберетіндей ұстап тұрды. Мен кенеттен тоқтап қалдым. Әлі де естіп тұрғандай, өзінің қорқынышты даусымен маған соңымнан ер деп бұйырғанын, және ол менің жүретін жолымды көрсету үшін келгенін естідім. Мен соңынан еріп кеттім. Басқа амалым болды ма? Ол біраз қашықтық жүрген соң алдымыздан бір биік тау көрінді. Бізге қараған беті тауды екіге бөліп жартысын кесіп алып тастағандай тік бұрыш іспетті көрінді. Осы тік бұрышты қабырғадан анық түрде «Бұл тозақ» - деген жазуды көре алдым. Жол көрсетуші осы қабырғаға жақындап келіп, өзінің найзасының сабымен үш рет дауыстап қақты. Үлкен шомбал есік айқара ашылып, біз ішіне кірдік. Содан кейін мені осы таудың ішімен өткізетіндей жермен өткізді.
«Біраз уақыт бойы біз Мысыр түнегімен өттік. Мен алдымда келе жатқан жолбасшымның ауыр қадамдарын естігендігімнен оның соңынан ере алдым. Жол бойына біреулердің өлейін деп жатқан ыңқылдаған дауыстарын естумен болдым. Барған сайын осы ыңқылдаулар өршейе түсті, және мен су, су, су деп айқайлаған дауыстарды анық ести алдым. Тағы бір қақпаға келіп, содан өткенімізде, мен қашықтан миллиондаған дауыстарға тең, су, су деген айқайларды естідім. Алдымызда жол көрсетушінің қағуымен тағы бір ғаламат есік ашылды, және мен тауды кесіп өткенімізді түсіндім, енді алдымда жазық дала тұрды.
«Осы жерде маған жол көрсетуші басқа да жоғалған рухтарды тура осы жерге алып келу үшін мені сол жерде қалдырды. Мен осы жазық далада біраз уақыт тұрдым, сол кезде бірінші жаратылысқа ұқсас тағы біреуі маған қарай келді, бірақ оның қолында найзаның орнына үлкен қылыш болды. Ол маған алдымда күтіп тұрған өлімім жайлы айтуға келген екен. Ол маған жаныма үрей тудыратындай дауыспен сөйледі. «сен тозақтасың» - деді ол, «сол кезде барлық үмітім ғайып болды. Осы жерге келерде таудың бойымен өткен жеріңде сен өліп қалғандардың кеуіп қалған тілдерін салқылдататын су сұраған ыңқылдары мен айқайларын естідің. Осы өткелдің бойында тозақтың отты өзеніне апаратын есік бар. Жуырда осы сенің құритын жерің болады. Сені осы азапталатын жеріңе жөнелтпестен бұрын, осында кіретін адамдарда бұдан былай ешқандай үміт болмайтындықтан, осы жазық далада барлық өлген рухтарға осындай азапталуда болғанша қандай нәрсеге рақаттанудан құр қалғандарын көруге біраз уақыт беріледі.
«Осы сөздермен мен жалғыз қалдым. Жан түршіктіретін өткелден жүріп өткеннің салдарынан ба жоқ па білмеймін, бірақ мен енді есеңгіреп қалдым. Тұла бойым толығымен қалжырап қалды. Менің күшім менен қашып кетті. Тізелерім денемді ұстап тұруға мұршалары болмай қалды. Шыдай алмай, дәрменсіз күйімде жерге жығыла кеттім. Қалғып-мүлку жанымды баурап алды. Жартылай ояу жартылай ұйқыда болған күйімде түс көрдім. Менен әлдеқайда жоғары жерде, және алыс қашықтықтан, біз киелі кітапта оқитын Әдемі Қаланы көрдім. Яшмалы қабырғалары сондай тамаша ғажайып болып тұр. Созылып қарасам, алыс қашықтықтан тамаша гүлдермен жамылған жазық даланы көрдім. Сонымен қатар өмір өзенін және әйнек өзенін де көрдім. Қаланың қақпасынан қаптаған періштелер, сондай тамаша әндер айтып ары-бері өтіп жүрді. Солардың арасынан бірнеше жыл бұрын, менің зұлымдыққа берілгендігіме бола жүрегі жараланып қайтыс болған менің қымбатты қарт анамды көрдім. Ол маған қарай қарап, мені өзіне қарай шақырғандай болды, алайда мен мүлдем қозғала алмадым. Мені басып ұстап тұратын зор салмақ пайда болды. Енді самал жел сол жердің гүлдерінің жұпар иістерін маған жеткізді, сонда мен бұған дейін естімегендей анық түрде періштелердің ғажайып дауыстарын ести алдым, сонда мен: «Иә, мен осылардың біреуі бола алатын едім.» - дедім.
«Осылай шаттықтың тостағанынан дәм тартып тұрғанымда кенеттен барлығы аузымнан шығып кеткендей болды. Мен қалғыған кейпімнен қайта ояндым. Мені осы бақытты түс көретін жазық жерден мен болған түнектің тұрғыны алып кетті, және маған енді өзімнің болашақ мансабыма кірісетін уақыт келгендігін айтты. Ол маған соңынан еруді бұйырды. Қадамдап басып мен қайтадан қараңғы өткелге еніп кеттім, және біраз уақыт бойы жол көрсетушінің соңынан еріп жүрдім, содан өткелдің шет жағынан ашылған есікке келдік, және сол есіктен өтіп соңында тағы бір есіктен өтіп келе жатқанымызды байқадық, және, міне! Мен тозақтың өртті өзенін көріп тұрмын.
«Тура көз алдымда тұрған өрт пен күкірт өзенін көре алдым. От ұшқындарының ағындылары бір-біріне қарай ағылып, ал жалындаған алаудың ғаламат толқындары үлкен дауыл кезіндегі мұхиттың долданғаны іспетті бір-біріне соғылып келіп биік кеңістікке көтеріліп тұрды. Толқындардың жотасында адамдардың көтерілгенін көрдім, алайда сол сәтте олар осындай қорқынышты өрт өзенінің ең төменгі түбіне түсу үшін қайтадан төмен қарай тартылып кетті. Олар осындай қорқынышты толқындардың жотасына көтерілген сәтінде әділ Құдайға айтатын балағат сөздері сұмдық, ал су сұрап айқайлаған жалынышты дауыстары жан түршігерлік болды. Оттың осы кең өңірінде құртылған рухтардың зар еңіреулері қайта-қайта жаңғырып тұрды.
«Сол сәтімде қазір ғана кірген есікке қарай көз тастадым, және «Бұл сенің ешқашан бітпейтін мәңгілік өлімің» - деген қорқынышты сөздерді оқыдым. Қысқа сәтте аяғымнан жердің кетіп бара жатқанын сезіндім, және өзімнің де сол өрт өзеніне біртіндеп батып бара жатқанымды байқадым. Енді бойымды шыдатпастай суға шөліркеу басып алды. Және су сұрап жатқан жерімнен көздерім түрменің емханасында ашылып кетті.
«Осыған дейін бұл бастан кешкенімді түрменің бастықтары осы айтқандарымнан ұстап алып, мені есі ауысқан деп арнайы бөлмеге жауып тастамасын деп қорыққандықтан ешкімге айтқан емеспін. Осылардың бәрін басымнан кешірдім, және қазір тірі екендігіме қуаныштымын, енді жұмақтың бар екендігін және сонымен қатар тозақтың да бар екендігін түсінемін, Киелі кітапта сипатталған дәл сол тозақ. Алайда қазір нақты айта алатыным, ендігәрі мен бұл жерге ешқашан бармаймын.
«Ауруханада көзімді ашқан сәтімде өзімнің тірі екендігімді және жерге қайта оралғанымды түсіндім, сол сәтте жүрегімді Құдайға бердім, және енді Мәсіхші болып өмір сүріп Мәсіхші болып дүниеден өтетін боламын. Дегенмен тозақтың сұмдық нәрселері менің есімнен кетпейді, сол сияқты өзім көрген аспанның кереметтері де көз алдымнан кетпейді. Мен біраз уақыттардан кейін қарт анамды кезіктірмекпін. Осы тамаша өзеннің жағасында отыруға рұқсат алып, періштелермен бірге, сұлулығы пенденің елестетуінен әлдеқайда жоғары жұпар иісті гүлдер жамылған жазық даланы, белестер мен алқаптарды кезіп жүру, құтқарылғандардың әнін тыңдау – осының барлығы, тіпті түрмеге түсуге дейін беріліп жүрген сезімдік ләззаттарынан бас тартып, менің жер бетінде Мәсіхші болып өмір сүруімнің орнын артығымен толтырады. Қылмыс жасаудағы серіктестерімді тастадым, енді түрмеден босатылған кезімде жақсы адамдармен араласатын боламын.»
Леннокстың өзінен оқиғасын қалай естіген болсақ оқырманға дәл солай жеткізіп отырмыз. Құдай осы оқиғаны көптеген жоғалған жандардың оянышына қолдана көрсін деп тілейміз.
Адам қалайша мәңгі жанып жатқан тозақтың шынымен бар екендігіне күмәндана алады? Бізде Құдайдың сөзі Киелі кітап бар, және шын тозақ жайында тәлім беретін Мистер Леннокс іспетті кісілердің аяндары бар. Адамдар, тоқтаңдар! Осы шынтықты ескеріңдер! Өмірлеріңіз жазылып жатыр. Құдай сізді құтқарғысы келеді, және егер күнәкар екендігіңізді мойындасаңыз сізді кешіреді. Құтқарылуға деген жалғыз жол, Иса Мәсіхтің төгілген қанын сіздің күнәңіз үшін құрбандық ретінде қабылдау арқылы күнәларыңыздан тазару. Сіз осы кешірімді Құдайдан қабылдағанда, Ол сіздің жүрегіңізге тыныштық пен тыным береді. Сіз осы өмірде бостандықта болып және тек-қана қырық сегіз сағаттық емес, мәңгілікке тозақта болудың орнына, одан да бетер аспанның шаттығына кенелетін боласыз.
Мейірімсіз бай мен мүсәпір Елазар
(Лұқа жазған ізгі хабар 16:19-31)
«Бір кісі бай болып, қымбат қызыл шапан мен сәнді киімдер ж киіп, күн сайын салтанат құрып көңіл көтеретін. Ал қақпасының алдында Елазар есімді бір мүсәпір жататын, оның тұла бойын іріңді жара басқан еді. Мүсәпір байдың дастарқанынан түскен қалған-құтқанды жеп тойынсам деп аңсайтын. Тіпті иттер келіп, жараларын жалап кететін.
Ақыры мүсәпір қайтыс болып, періштелер оны Ыбырайым пайғамбардың қасына апарып салады. Бай да өліп, қабірге қойылады. Ол о дүниеде азап шегіп жүріп, басын көтеріп қарағанда алыстан Ыбырайым мен оның қасында жантайған Елазарды көреді. Содан ол қатты дауыспен:
— Ыбырайым ата, маған қайырым қылып, Елазарды жібере көріңіз! Ол бармағының ұшын суға малып алып, тілімді салқындатсын. Мына жалынды отта қатты қиналып жатырмын, — деп жалбарынады.
Бірақ Ыбырайым былай деп жауап береді:
— Ей, балам, есіңе түсірші: сен өміріңде әрдайым жақсылық көріп рақаттандың, ал Елазар ауыртпалық көріп, азап шегіп жүрді. Енді ол мұнда жұбаныш тапса, сен онда қиналып жатырсың. Оның үстіне сендер мен біздің арамызға терең шыңырау орнатылған. Бұл жерден сендерге барғысы келгендер өтіп бара алмайды, ар жақтан бізге де өтіп келе алмайды.
— Сонда ол:
— Ата, олай болса, сізден сұраймын: Елазарды әкемнің үйіне жібере көріңіз! Себебі бес інім бар, соларға барып, олардың да осы азапты жерге түспеулері үшін мықтап ескертіп куәлік етсін, — деп өтінеді. Ал Ыбырайым:
— Мұса мен өзге пайғамбарлардың жазбалары оларда бар ғой, соларға құлақ ассын! — дейді.
— Жоқ, Ыбырайым ата! Егер өлгендердің біреуі барса, онда олар теріс жолдан қайтады, — деп жалынады ол. Сонда Ыбырайым оған:
— Олар Мұса мен өзге пайғамбарларға құлақ аспағанда, өлгендердің біреуі тіріліп, барса да, сенбейді, — деп жауап береді».
Оқуға арланған қосымша сілтемелер: Аян 21:7-8; Аян 20:10, 12, 13; Петірдің екінші хаты 3:10-12.