Жохан жазған ізгі хабар 10:1-18
Сіздің есіміңізді біреудің атап шақырып жатқанын, алайда оның даусының қай жақтан шығып жатқанын білмей тұрған кезіңіз болды ма? Немесе жан-жақтағы көптеген шудың кесірінен дауысы әрең естілген кез.
Тыңдаңыз, дауыс сізді шақыруда. Сізді!
Сіз кімсіз? Сіздің есіміңіз кім? Сіз қай жерден келдіңіз? Қай жерде тұрасыз? Қайда бара жатырсыз?
Сіз елді мекеніңіздің аталуын білерсіз. Мүмкін сіз басқа еш жерде болмаған боларсыз. Алайда сіздің елді мекеніңіз үлкен мемлекеттің бір бөлігі екенін білесіз, және мемлекеттердің барлығы бүткіл әлемнің бір бөліктері.
Киелі кітап
Әлем жаратылғаннан бері 6000 жылға жуық уақыт өтті. Ол Құдай арқылы жаратылды. Құдайдың Киелі кітап деп аталатын, Оның әлемді қалай жаратқаны, және бірінші ер адам мен әйел адамды жаратқаны жайында баяндайтын кітабы бар. Құдай адамды Өзіне бейнелес етіп жаратты.
Содан бері балалар дүниеге келетін болды. Содан бері адамдар өмірден өтетін болды. Олардың мыңдаған саны туылып және қайтыс болды.
Сіз Ата-анаңыздан дүниеге келдіңіз. Алайда сізді шынымен жаратқан Құдай. Ол барлығын жаратты. Сіз Құдайдың жаратылысының қаншалықты тамаша екендігін және сізді қалай жаратқаны жайында ойлап көрдіңіз бе?
Сіздің ата-анаңыз сізге есім берді. Құдай сіздің есіміңізді біледі. Ол, қандай тіл болса да барлық есімдерді біледі. Ол барлығын біледі.
Құдай бізді жаратқандықтан, Ол біз жайында барлығын біледі. Ол бізді сүйеді, өйткені біз оның меншігіміз.
Ол біздің аспандағы Әкеміз, және Ол біздің қамымызды өзіміздің ата-анамыздан да бетер ойлайды.
Құдай
Құдай әрдайым бар болған. Ол мәңгі өмір сүреді. Сондай-ақ, Ол Өзінің демін бізге орнатқанда, біз де мәңгі өмір сүре бастаймыз. Жоқ, біздің тәніміз емес, ол мерт болады, алайда біздің ішіміздегі жанымыз мәңгі өмір сүреді.
Сіз Құдайды білесіз бе? Мүмкін сіз, «Құдай деген Кім?», «Ол қайда?» - деп сұрайтын боларсыз.
Сіз шынымен білгіңіз келеді ме? Иә, солай. Ішіңізден, түбінде сіз білгіңіз келеді.
Сіз Құдайды ешқашан көрген жоқсыз, солай емес пе? Алайда көрмегеніңіз Ол жоқ дегенді білдірмейді.
Жалғыз бір ғана Құдай бар. Басқа ешқандай құдайлар бола алмайды, өйткені шынайы Құдай бар, Ол көк пен жерді толтырады. Ол бір уақытта барлық жерде бар.
Құдайдың мекені аспан, жоғарыдағы керемет жер, алайда сонымен қатар Құдай Оның даусына құлақ асатын адамдардың жүрегінде де өмір сүреді.
«Мен Құдайды тануды қалай үйрене аламын?» Сіз осындай сұрақ қоясыз ба? Қалай үйрене алатыныңызды көрсететін Құдайдың керемет жоспары бар.
Құдай Өзінің жалғыз рухани Ұлын, Исаны Аспаннан жерге Оның Кім екендігін және қандай екендігін көрсетуге жіберді. Құдай және Иса біртұтас.
Керемет жолмен, Құдай Ұлы сәби болып дүниеге келіп, ер жетті. Содан кейін үш жыл бойы, Иса адамдарға Өзінің Әкесі Құдайдың сүйіспеншілігі жайында айтып жеткізді. Оларға Құдайдың киелі екендігін және күнәні жақтырмайтынын айтты.
Содан, Құдай бізге күнәларымыздан арыла алуымыз үшін жол жасады. Ол Өзінің Ұлы Исаның айқыш ағашқа зұлым адамдар арқылы шегеленуіне жол берді. Ол Өз жанын құрбан етті – Оның махаббаты сондай ұлы.
Ол – бүткіл әлемнің күнәларының төлемін өтей алатын құрбандық болды, сіздің қашанда жасаған барлық күнәларыңыздың, ұл-қыздардың, ер және әйел адамның барлығының күнәларын.
Иса айқыш ағашта қалды ма? Иса қабірде қалып қойды ма? Жоқ, Ол үш күннен кейін жеңімпаз болып қайта тірілді. Содан кейін Ол көкке қайта оралды, енді Құдайдың әлемнің ақырын жариялайтын күнін күтуде. Содан кейін Ол адамдарды әділ соттайтын болады. Сіз Жохан жазған ізгі хабарды білесіз бе? 10-шы тарауды оқыңыз. Жохан Исаның адамдарға не айтқанын жазған. Ол осыны бізге әлі де айтуда. Иса ізгі бағушы болғанын, және қойлары үшін Өз жанын құрбан еткенін айтады. Осы қойлар біздерміз. Оның қойлары болғандар Оның даусын таниды. Ол олардың атын атап шақырады. Олар бөтен біреудің соңынан ермейді.
Бөтен біреу,бұл басқа дауыс.
Біз аулақ жүруге тиіс бөтен біреу дегеніміз кім? О, ол ұрлықшы! Ол қойлардың қамын мүлдем ойламайды. Ол өтірікші. Онда ешқандай шындық жоқ. Ол әзәзіл. Ол біздің жауымыз шайтан.
Алайда, ең алдымен, ол Құдайдың жауы. Бір кездері ол Құдаймен бірге болған жақсы періште болатын. Алайда ол тәкаппарланып, өзін көтеріп, Құдайға қарсы шықты. Ол Құдайға қарсы соғысты, және көптеген періштелер оған қосылды. Жеңіс Құдайда болды, себебі Ол барлық күшке ие. Солай Ол шайтанды және оның соңынан ерген барлығын аспаннан қуып жіберді. Сол үшін шайтан Құдайды жек көреді.
Енді Құдайға қайтып жақын келе алмағандықтан, ол өзінің кәрін Құдайдың жаратылысына, әлемнің адамдарына төгуде. Ол күнә жасағандықтан, барлығын күнәға азғырғысы келеді. Күнә енді аспанға ешқашан ене алмайды.
Бұдан басқа жер бар, Құдай әзәзіл мен оның періштелеріне дайындап қойған жер. Ол тозақ. Тозақ азапталатын жер. Ол ешқашан сөнбейтін жанып жатқан от. Бұл әзәзілдің және оның соңынан ерушілердің мәңгілік жазаланатын орны. Бұл жерге Құдай бізді жіберуіне тура келеді, егер біз шайтанның даусын тыңдауды таңдайтын болсақ.
Шайтан біздің тозақ жайында ойлағанымызды қаламайды. Ол біздің Құдай жайында ойлағанымызды қаламайды. Сол себептен ол біздің назарымызды Құдайдан алып кетуге тырысады. Шайтан бізге өзінің даусын естітуге тырысады.
Ішіңізден, басқа біреуден шыққан бөтен дауысты естіп көрдіңіз бе?
Кейбір кезде ол бізді жақсы нәрсе ұсынатындай сендіреді. Кейбір кезде біздің былай ойлауымызға себепші болады: «Мен басқалардан жақсырақпын. Мен маңыздымын. Мен біріншімін. Менің құқықтарым үшін шайқасуға тура келсе де дайынмын. Ұрлағанда тұрған ештеңе жоқ, тек ұсталып қалмасам болды. Бәрі де өтірік айтады, яғни мен де солай істей аламын. Таза емес ойлар болған соншалықты жаман емес – менің не ойлап тұрғанымды ешкім де білмейді. Жаман сөздер айту – көңіл көтеруге қолдануға жақсы.»
Ал басқа уақыттарда көңіліңіз түскені сонша, сіздің: «мен жақсы адам емеспін, не үшін өмір сүруге тиістімін» - деп ойлауға еліктірілген кезіңіз болды ма?
Бұлардың барлығы әзәзілдің даусы. Ол өтірікші. Сол себептен ол біздің де өтірікші болғанымызды қалайды.
Сіз осы дауысты естігенде қандай сезімде боласыз? Ішіңізден жақсы сезімге бөленесіз бе? О жоқ, бұл сізді бақытсыз етеді. Бұл сізді жасырынуға итермелейді. Бұл нағыз шайтанның өзіндей. Ол барлық істерін қараңғыда жасағанды ұнатады.
Иса, Бағушының даусы
Сіз Исаның ізгі бағушы екендігін білесіз бе? Оның қойы болғыңыз келеді ме? Оның даусын танығыңыз келеді ме?
О, иә, сіз осылай істей аласыз; алайда, ең алдымен, бұдан былай сол бөтен дауысты тыңдамауыңыз қажет.
Енді, сіз тыныштықта болғандықтан, Исаның сізді толық өміріңізді Оған бағыштауға шақырып тұрған мейірімді даусын естисіз. Оның сізге барлық күнәңізге өкінуіңіз жайында және оларды мойындауыңызды айтып тұрғанын естисіз.
Мүмкін, кейбір кезде, өте тыныш уақытыңызда былай деп ойлаған боларсыз, «менің қиыншылықтарым мен ауыртпашылықтарымды не істеймін? Мен жақсы адам болғым келеді. Мен ешқашан ашықпайтын және ауырмайтын жерде болғым келеді. Мен қайтыс болғанда не болады?»
Мүмкін бұдан да көп ойлар келген болар. Бұл сізді шақырып тұрған Исаның даусы. Кейбір кезде, не үшін екенін білмесеңіз де көңілсіз күйге түскен кезіңіз болды ма? Немесе жалғыз болмасаңыз да жалғыз сезінген кезіңіз болды ма? Бұл сізді жаратқан және сізді сүйетін Құдайға мұқтаж болғаныңыздан болуы мүмкін. Ол жоғалған қойын шақырып тұрған бағушы. Ол сізді үздіксіз шақыруда және үздіксіз іздеуде!
Сіз бағушының даусын естігенде, Оған жауап беріңіз. Оған күнәңізге өкінетініңізді айтыңыз. Өзіңізді қалай сезініп тұрғаныңызды айтып, сізді құтқаруын сұраңыз. Бұл мінәжатқа жатады.
Сіз Көктегі Құдайға мінәжат етіп көрдіңіз бе? Оны қазір орындаңыз. Ол сізді естиді және түсінеді. Ол сізге өзіңіз аңсаған тыныштықты береді.
Сіз Оның қойы болып, Оның даусын танығыңыз келеді ме? Ол сіздің досыңыз болғысы келеді. Ол сізді еңсеңізді басқан күнәдан арылта алады. Сіз бақытты күйге кенелесіз. Сіз Ол сияқты сүйетін және мейірімді боласыз. Ол сізге қорқыныштарыңызды жеңуге көмектеседі.
Тіпті басқалар сіздің мәсіхші болғаныңызға бола келемеждесе, Исаның сіздің қамыңызды ойлайтынын білетін боласыз. Тіпті бөтен біреу сізді қайтадан азғырса да, сізді осыдан өтуге Исаның көмектесетініне сенім артуыңыз қажет.
Сіз Бағушының қамқорында қауіпсіздікте болған кезде, ақыр соңында Ол сізді Өзінің тамаша, бақытқа толы үйіне Құдаймен мәңгі бірге болуға алып кететінін білесіз!