Сүйіспеншілік... қандай тілде айтылса да әдемі сөз. Осыны айтқанда ойымызға не келеді? Махаббат, қамқорлық, жылулық, жақсылық, үйлесімдік, қауіпсіздік, мүмкін ана деген сөз? Өзіңіз ойлап көріңізші, осы әдемі сөздің шын мағынасы қандай? Сізді сүйгенін қалайсыз ба? Сіз сүйесіз бе?
Құдай сүйіспеншілік және сіздің жүрегіңізде орныққан Оның сүйіспеншілігі сізге сүйюге және сүйікті болуыңызға көмектесе алады. Барлық сүйіспеншіліктің қайнар көзі Құдай. Жоханның бірінші хаты 4:16, біз мынаны оқимыз, «Біз Құдайдың өзімізге деген сүйіспеншілігін біліп, Оған нық сенеміз. Құдай — сүйіспеншілік. Сол себептен, кім Оның сүйіспеншілігіне сай әрекет ете берсе, ол Құдаймен, Құдай да онымен тығыз қатынаста тұрады». Ешкім Құдайдан және Ол арқылы болмаса, сүйіспеншілікті тауып немесе қабылдауда шынайы жетістікке жете алмайды.
Сүйіспеншіліктің қарама-қайшылығының бірі мыналар: жек көру, сенім артпау, өзімшілдік, және соғыс. Біз әлемде орын алған көптеген жағдайларға және көптеген отбасыларға қарасақ болғаны, сүйіспеншілікке деген зор мұқтаждық бар екендігін түсінуімізге болады.
Сіздің жағдайыңыз қандай? Сіз сүйікті екендігіңізді сезінесіз бе? Әлде жүрегіңізде махаббат пен жылулық көрмегеннің салдарынан өшпейтін ауыртпашылық, жалғыздық сезімі бар ма? Кейбір кездерде ешкімнің сізде шаруасы жоқ сияқты сезінесіз бе? Мүмкін сіз бір-бірін немесе балаларын шынайы сүймейтін отбасында өскен шығарсыз? Қазіргі «бірінші менмін» деген түсінік қалыптасқан заманда осындай сезімдердің болуы қалыпты жағдай. Жүректің ауыртпалықтары адамдардың өзімшіл мүдделерін ғана ойлауларының нәтижесі.
Сүйіспеншілік көбінесе басқа адамның есебіне өзінің құмарлықтарын қанағаттандыратын сезімдік құштарлық емес. Кейбіреулер сүйіспеншілікке теңейтін осы құштарлық, негізінде өзімшілдік, өйткені ол өзіне жақсы болуды көздейді. Сүйіспеншілік өзінің құрметі мен ғанибетін өрбітуді іздемейді.
Өмірдің алып келетін қиындықтары Құдай бізді сүймейді дегенді білдірмейді. Кейбір кездері Құдай біздің игілігіміз үшін қиындықтарға тап болуымызға жол береді. Шынайы сүйетін ата-ана болса, баласына барлық қалағандарын бере бермейді, қайта баланың игілігі үшін шектеулер енгізеді.
Сүйіспеншілік өзінің мүддесін құрбан етуге дайын. Шынайы сүйіспеншілік басқаға жақсылық тілейді. Сүйіспеншілік жылы, бауырмал, мейірбан. Егер біз шынымен сүйсек, жақынымыздың қазіргі шағын және келешектегі саулығы жайында ойлаймыз. Сүйетін әке және күйеу махаббатын өзінің әйелі мен балаларына көрсете біледі. Ол сүйіспеншілік ортасы мен саулық әкелу мақсатында өзін беріп және өз мүддесінен бас тартуға қуана дайын болады. Шынайы сүйетін әйел және ана, өзінің күйеуін құрметтеп және балаларына ата-аналарын және бір-бірін құрметтеу сезімін дағдыландырады. Ол отбасындағы барлығына қауіпсіздік пен тыныштықтың панасын қуанышпен ұсынады. Мәсіх сүйіспеншілігін айқышта айыпсыз құрбан болуы арқылы көрсетті.
Егер сіз сүйіспеншілікке мұқтаж екендігіңізді сезінсеңіз - егер жүрегіңізде бостықты сезінсеңіз - сіз шынайы сүйіспеншілікті таба аласыз. Сіз оны өзіңізді Құдайға беру арқылы таба аласыз. Құдай сізді мейірімді де рақымды қамқорлығымен шексіз сүйеді. Ол сіздің қамыңызды ойлайды және өмірдің жүрегіңізге әкелетін барлық ауыртпалықтарын көтерісіп, көмектескісі келеді. Егер сіз өзіңізді жалғыз сезініп және басқалардың сізде шаруасы жоқ деп ойласаңыз, сіз үшін Өзінің Ұлын құрбан еткен Біреудің сіздің жүрегіңіздің барлық ауыртпалықтары мен қайғыларын сезінетініне сенімді бола аласыз. Сіздің жалғыз қалған сәттеріңізде және ең қайғылы күндеріңізде Оған бет бұрсаңыз, Ол сізге жұбаныш, қуат, және бағыт беру үшін сол жерде болады.
Егер сіз Құдайға қалай жетуге болатынын білмесеңіз, Оған жай ғана жүрегіңізді ақтарыңыз, сонда Ол сізді естиді. Сіз екшімге, тіпті Құдайға да сенім арта алмасаңыз, сол жайында Оған айтыңыз. Содан кейін Одан жол көрсетуін сұраңыз.
Егер сіз өзіңізді кешірім мен сүйіспеншілік таба алмайтын әбден үмітсіз күнәхар сезінсеңіз, онда өткен күнәларыңызға өкініп және оларды қалдырып, Құдайға бар жүрегіңізбен келіңіз. Егер Оған барлық жүрегіңізбен келсеңіз және Ол сізге айтатын барлық нәрселерде Оған мойынсұнуға дайын болып келсеңіз, Ол сіздің сүйетін Әкеңіз болады.
Құдай сізді кешіріп қабылдағанда, сіз Оның махаббатын сезіне аласыз және ешнәрсе тартып ала алмайтын Онымен қарым-қатынасты қабылдайсыз. Бұл қарым-қатынас сіз Одан бас тартып кетсеңіз ғана бұзылады.
Енді сіз Құдайдың сүйіспеншілігін танып білгендіктен және өзіңізді ғана сүюді қойғандықтан қорған табасыз. Сіздің сүйікті екендігіңіздегі қорған, сіздің жүрегіңізді басқалардың қамын шынайы ойлауға ашады. Енді сіз адамдардың сізге қалай қарайтындықтарына зейін қоюды тоқтатасыз. Сіз жақындарыңыздың мұқтаждықтары жайында ойлайтыныңызды және сізді сүйетін Құдайға қызмет етуге деген едәуір құлшынысты байқай бастайсыз. Сіздің махаббатыңыз өзімшілдіктен ауысқан кезде, Құдай сізді жарылқап санаңызды көптеген ақиқатты тануға ашатын болады. Қорынттықтарға арналған бірінші хат 13 тараудағы тәлім осыны түсінуге көмектеседі.
Жер бетінде де Құдайдың отбасы бар. Ол сізді Оған сеніп Оның еркін орындайтындарды кездестіруіңіз үшін Өзінің отбасына жетелеп апара алады. Бұл Оның қауымы. Иса былай деген: «Менің шәкірттерім екендіктеріңді елдің бәрі өзара сүйіспеншіліктеріңнен білетін болады». (Жохан жазған Ізгі хабар 13:35) Бұл қамқорлайтын, бөлісетін, түзететін нағыз сүйіспеншілік.
Егер сүйіспеншілік жайында көбірек білгіңіз келсе, Жохан жазған ізгі хабарды оқыңыз. Исаның біз үшін баратын құрбандығы жайында айтқан Ишая пайғамбардың жазбасының елу үшінші тарауын оқыңыз. 91 – ші Забур жырында келтірілген уәдені оқыңыз. Забур жыры 23 және Қорынттықтарға арналған бірінші хат 13 – ші тарауды оқыңыз. Ары қарай оқи беруіңізде Құдайдың жетелеуіне еріңіз.
Сол жерде сіздің жалғыздығыңыз бен бақытсыздығыңыздың аяқталуына мүмкіндік бар. Құдайдың сіздің өміріңізді басқаруына жол беріңіз. Адамның қол жеткізе алатын ең ұлы жарылқауы Құдайдың сүйіспеншілігіне кенеліңіз. Құдай сізді жарылқасын.
Егер ізденісіңізде көбірек көмек керек болса, осы кітапшаның артқы бетінде келтірілген мекен жайға жазсаңыз болады.
Қорынттықтарға арналған бірінші хат 13:1-8, 13
«Мен адамдардың түрлі тілдерінде
Және періштелердің тілдерінде
Жатық та мүдірмей сөйлей білсем де,
Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса,
Сөздерім сыңғырлаған қоңырауға
Әрі шылдырлаған асатаяққа
Ұқсап мәнсіз боп қалады сонда.
Мен Құдайдың хабарларын жеткізсем,
Күллі құпия-сырларды да білсем,
Әр түрлі білімді иемденсем,
Тау қозғайтындай сенімге кенелсем,
Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса,
Түкке де тұрмаймын мен онда.
Егер үлестірсем бар байлығымды
Бейшара жарлы-жақыбайларға,
Тіпті құрбан қылсам да жанымды,
Тәнімді қисам отқа жағуға,
Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса,
Маған келер пайда жоқ бұдан да.
Сүйіспеншілік шыдамды да қайырымды,
Еш қызғанбайды, мақтанбайды, паңданбайды,
Әдепсіз, өзімшіл, ашушаң да болмайды,
Ол көрген жәбірін есінде сақтамайды,
Әділетсіздікті еш құптамайды,
Қайта, ол ақиқатқа сүйсінеді,
Дәйім қорған болып, ұдайы сенеді,
Үмітін еш үзбей, бәріне шыдайды.
Сүйіспеншілік ешқашан сарқылмайды».
«Сонымен сенім, үміт, сүйіспеншілік:
Осы үшеуі әрқашан да қалады.
Ал солардың ішінде сүйіспеншілік
Мәңгі бақи ең бастысы болады.»