Болашағыңыз жайында не айта аласыз?
Болашақ жайлы ойланған кезде осы өмірден кейін өмір бар ма әлде жоқпа деген ой кімге келмейді дейсіз? Адам баласы өлімнен кейін онымен не болады деген ойдан қашып кете алмайды, алайда ондай ойды басынан лақтырып тастауға бейім келеді. Ол өзін өмірлік нәрселермен жұмыс басты етіп, өлім, аспан, тозақ жайлы ойларды алыс болашаққа ысырып қояды. (Матай жазған ізгі хабар 24:48, Уағыздаушы 8:11) Ал шын мәнінде, қалай болғанмен де, таңдау жасалуы тиіс. Ешнәрсе істемеу мәңгілікке жоғалу дегенді білдіреді.
Тағдырдың екі түрі ғана бар
Аспанның салтанаты және тозақтың азабы біздің мәңгілік тағдырымыз аспан деп таңдауға көзімізді жеткізеді. Осындай нәтижелердің бар екендігін түсінгеніміз таңдау жасау керек екендігін көрсетеді. Ешқандай күнә аспанға ене алмайды, бұл айдан анық. Күнәларына кешірім таппаған әркім тозақта мәңгілік жазасын тартатын болады. «Сонымен бұлар мәңгілік азап шегуге кетеді. Ал әділдер мәңгілік өмірге ие болады.» (Матай жазған Ізгі хабар 25:46)
Аспан – Барлық Құтқарылғандардың үйі
Аспан Мәсіхтің қанымен тазарып құтқарылғандар үшін арнайы жер. (Аян 7:13-14) Бұл үй. Олардың аспанға деген құлшыныстары Забур 62-де «Сусыз жерде, кеуіп, құлазыған, Жан тәніммен Сені аңсап зарығамын» деген жыршының аңсауындай зор. Тәндік, осы өмірлік ой үшін, аспан өте алыс, жете алмастай болып көрінеді. Ал Құдайдың Киелі Рухынан туылған тұлға үшін, аспан жақын және шынайы. Ол мәңгілік үйінің шынайылығынан дәм татады.
Мәсіхтің үлгі етіп көрсеткен ізгілігі, шынайылығы, кішіпейілдігі мен сүйіспеншілігі, Құдайдың баласы үшін өте бағалы. Құдай сенушілерге рақымдылығымен аспаннан сүйіспеншілігін жаудырғандықтан, ол адал және кішіпейіл болуға ұмтылады. Оның жүрегі аспандағы үйінде осы Мәсіхшілік рақымшылықтың толықтығымен және киелілігімен орын алғанын аңсайды. (Қорынттықтарға арналған екінші хат 5:1)
Аспан – Нұрдың жері
Осы жердегі өмірдің көптеген көлеңкелері бар. Біз түсіне алмайтын жайттармен жиі кездесеміз. Біз болашақта не болатынын көргіміз келеді, алайда олай істеуге қабілетіміз жоқ. Өмірімізде көңіл қалушылық көптеп кездеседі. Осылардың барлығын бір сөзбен түнек деп атасақ болады.
Аспанда тек қана нұр бар. Ол Құдайдың мекені. «Құдай — Нұр, Оның ішінде ешқандай түнек жоқ» (Жоханның бірінші хаты 1:5) Оның жарығында мүлтіксіз түсінік бар. Білімнің барлығы тоқталады. Өткен шақ пен барлық болған оқиғалар толығымен түіснікті болады. Осы нұрда, Әкемен тұрғандардың арасында толық қарым-қатынас орнайды.
Аспан «нұрдағы киелілердің мұралары» деп сипатталған. (Қолостықтарға арналған хат 1:12). Нұрдағының барлығы киелі жазбада түсінік, киелілік, және қуаныш деп сипатталған. Бұл нұр ешқашан сөнбейді – ол мәңгілік. Ол жерде ешқашан түн болмайды. (Аян 21:25)
Аспан – азапталу мен күнә болмайтын жер.
«Ал арамдардың, жексұрын қылықтар жасап, жалған айтатындардың ешқайсысы да қалаға кірмейді.» (Аян 21:27) Жабырқау, Көңіл қалушылық, азғырылу, күнә, бұлар жердегі өмірдің бөліктері. Бұлар тамаша жерге ене алмайды.
Аян 21:4 біз мынаны оқимыз: «Ол барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды.» Мәсіхшілер үшін, аспан орындалған демалыс, саяхаттың аяқталуы. Ол Құдайдың жер бетіндегі барлық көз жасты сүрткені іспетті, аспанның мінсіздігінде қайғы атаулы толығымен алынып тасталатынын біледі.
Құтқарылғандардың мәңгілік жағдайы
Жер бетінде адамдардың өзара қарым-қатынастары біз үшін маңызды. Басқалардың қуаныштары мен қайғылары біздің сезімдерімізге әсер етеді. Отбасы болу мағыналы ал ажырасу ауыртпашылық әкеледі. Осылардың барлығы біздің өткінші өміріміздің керекті бөліктері.
Иса сот жүргізу үшін қайтып келгенде, барлығы күрт өзгеріске ұшырайды. Өлілер қайта тіріледі. Бүлінген және өлуге тиісті тәндеріміз мәңгілік өлмейтін кейіп қабылдайды. «...өлгендеріміз қайта тіріліп, біз де түгелдей өзгереміз. Өйткені қазіргі құрып шіритін тәндеріміз ешқашан жойылмайтын денелермен алмасуға тиіс. (Қорынттықтарға арналған бірінші хат 15:52-53)
Осы кезде, отбасылық қарым-қатынас дегеніміз біз үшін бұрынғы мағынасын өзгертеді. Иса аспанда ешқандай некелік қарым-қатынас болмайтындығын айтқан. (Матай жазған ізгі хабар 22:30) Осы өмірдің сезімдері Тәңір Иенің қатысуындағы қуанышпен салыстырғанда ештеңе емес болып қалады. Құтқарылғандар мен Құдайдың Тоқтысының арасындағы қарым-қатынасты ешкім бұза алмайды.
Киелілер ажалды көздерімен көре алмаған нәрселерді үздіксіз көрумен болады, олар ажалды құлақтары ести алмаған нәрселерді еститін болады, және ешқашан жүректеріне келмеген нәрселерді білетін болады.
Иса Өзінің адамдарымен даңқталатын болады.
Тәңір Исаның жерді мекендейтін барлығына көрінетін күні жақындап қалды. Барлығы Оның алдында сотталуға тұратын болады. (Матай жазған ізгі хабар 25:31-34) Оның шынайы соңынан ерушілері жердегі өмірлерінде жақтырмаушылық пен бас тартушылықты бастарынан кешкенімен, аспан салтанатына алынатын болады. Сол жерде олар Құдайды шексіз мадақтап даңқтауға мүмкіндіктері болады. Өткіншілік мәңгілікке жол береді. «Бұл жүзеге асып, құритын нәрселер мәңгілік нәрселермен алмасқан шақта Пайғамбарлар жазбаларындағы мынадай уәделер орындалады: Өлім жеңіліп, біржола жоқ болады.» (Қорынттықтарға арналған бірінші хат 15:54) Қосымша Қорынттықтарға арналған екінші хат 5:1 қараңыз.
Осы өмірде киелілер көптеген сынақтарды, азғыруды, және қиыншылықтарды бастарынан кешіреді. Рақымның арқасында, Азат етушіге сенім артып аяғына дейін тұрғандар аспанға алынатын болады. Сенімдерін сақтап қалған барлық жердің, барлық тілдің және барлық жастағы адамдар сол жерде болады. Күнәлары кешірілген және Иса Мәсіхтің қанымен тазарған осы ғаламат сансыз көп тобыр аспанды иемденетін болады. (Аян 7:9-14)
Осы өмірде ақталған бұл жандар аспанда даңқталатын болады. Құдайдың Тоқтысының Оның Қауымымен үйленуін бастан кешіру қандай тамаша болмақ. Бұл салыстыруға келмейтін салтанат болмақ. (Аян 19:7-9)
Аспан – Адам баласының түсінігінен жоғары
«Сол сияқты, біздің қазір көргеніміз
Айнадағы көмескі бейне іспетті,
Ал болашақта бетпе-бет анық көреміз.
Қазіргі білетінім тек қана шектеулі,
Ал Құдайдың мені толық білетіні секілді,
Бәрін де толықтай білемін сол кезде.» (Қорынттықтарға арналған бірінші хат 13:12)
Аспанның даңқы мен салтанаты толығымен түсінуге немесе суреттеуге келмейді. Біздің санамыз біз көріп немесе сезе алатын нәрселерді түсінеді. Аспан жанның Құдаймен мекендейтін жері екенін түсінсек те Ол осы мәңгілік үйдің барлық бөліктерін ашып айтпауды ұйғарды.
Степан, бірінші Мәсіхші азапталушы, аспанның көрінісін еміс көре алды. Оған тас лақтырып жатқанда ол: «көкке қадала қарап, Құдайдың нұрлы салтанатын және Исаның Оның оң жағында тұрғанын көрді.» (Елшілердің істері 7:55)
Аспан жайында көп түсінік берілмегенімен, жылдар бойына сенімді адамдар іспетті, Құдай жасаған мәңгілік қалада өмір сүруді қалайтындай жеткілікті білеміз.
Еврейлерге арналған хат 11:10 бізге мынаны айтады: «Ыбырайым сәулетшісі де, құрылысшысы да Құдайдың Өзі болған, негізі берік қаланған мәңгілік қаланың пайда болуын күтіп жүрді.» сонымен қатар Еврейлерге арналған хат 11:13-16 оқыңыз.
Біз сол жерде бола аламыз ба?
Өмір аяқталғаннан кейін біз қайда барамыз? Біз аспанға барамыз ба? Құдайдың Рухы мейіріммен есігімізді қағып мәңгілік болашағымызға дайындалуымыз керектігін есімізге түсіруде.
Біз Құдайға мұқтаж екендігімізді мойындауымыз қажет. Адам құлағандықтан әуел баста Құдай алдындағы мейірімін жоғалтып алды. Күнәмізге өкінуіміз және Иса Мәсіхтің қанымен кешірім табуымыз осы қарым-қатынасты қайта қалыптастыра алады. Содан кейін Құдай бізді әділ ретінде қабылдап, мейірімін береді. Осылайша біз Сөздің және Рухтың күшімен Құдайдың балаларына айналамыз. (Жохан жазған ізгі хабар 3:5; 1:12). Біздегі тыныштық, мәңгілік мекенімізде ие болатын толық тынығуымыздың кішкентай көрінісі ғана. Әрбір жан жүрегінде аспанда ол үшін үлкен үйі дайындалып қойылғаны жайында тұнық куәлік ала алады. (Жохан жазған ізгі хабар 14:2-3).