Сіздің «Егер мен толықтай бостандықта болсам, мен бақытты болатын едім, менде тыныштық болатын еді» - деп ойлаған кездеріңіз болды ма? Көптеген адамдар бақыттылық пен тыныштыққа жету үшін толық бостандықта болуды іздеген. Адамдар барлық шектеулерден азат болғысы келеді, қалай болғанда да, олар қалағандарын істей алса, осы әлем оларға бақыт алып келеді деп ойлайды.
Бұл солай ма?
Шырағы бұлыңғыр, күлкі мен жайбарақат атмосфера жайлаған түнгі бар адамдарға бақыт силайтындай еліктіреді. Жастардың алты құтылы ішімдіктері, шылым, көлік, түні бойы жолдастарымен көңіл көтерулері өздерін бақытты екендіктеріне сенімді етеді. Осы нәрселер адам іздейтін тыныштық пен бақыт алып келмейді. Марихуана, галлюцинация беретін есірткі, және кокаин адамның сезімдерін биікке шарықтатуға уәде береді. Әрине, біз осындайлар бақыт әкеліп және сол арқылы тыныштық береді деп ойлауымыз мүмкін. Алайда ол шынымен солай ма?
Сана мен денені баурап алатын заманауи әуендер, ішімдікпен, нашамен бірігіп, адамға көбірек шарықтау әкелу үшін жұмыс істейді. Бұлар шынайы бақытты мүлдем әкелмейді.
Өзін шектеу керектігін ескермей, жыныстық құмарлықтарды адамның нәпсіқұмарлығымен толық мақұлдай берушілік, қанағаттану алып келу уәдесін ұсынады. Ал шын мәнінде ол тек бостық пен көңіл қалушылықты алып келеді. Жоқ, бақыт бұл жерден табылмайды.
Біздің заманымызда көпшілік осы және басқа да салаларда толығымен тек қалағанымызды істесек болады деген ойды құптайды. Олар бақыт пен тыныштықты іздеуінде осындай нәрселерге баратындарға ешқандай заң, таңба, жаман сезімдер болмау керек деп есептейді. Толық бостандықта болу, бақыт пен тыныштық әкеледі деген түсінік бар. Бақытты тағы бір жүгенсіздікте, тағы бір шарықтаудың түрінде табуға болады деген ойды қорғайтындар да бар. Әрине, біз тек қана бақытты ізденгендіктен, біздің әрекеттеріміздің қандай болмасын салдарына жауапты болып қалмаймыз деп ойлаймыз. Біз де «бақыттың» бір бөлігіне лайықтымыз деп есептейміз.
Осындай жүгенсіздікке берілудің қауіпті екендігінің кейбір әйгілі ескертулері мыналар: Ішімдік ішкеннен кейін көлік жүргізбе. Кокаин сені өлімге алып келе алады. Қауіпсіз жыныстық қатынасты ұстан. Аяғың ауыр болса, түсік жасат. Бұл кеңестер ем бола алмайды. Егер бақыт осындай жолдармен табылатын болса, онда адамға лық толы түнгі барды жалғыздық сезімі неліктен жайлайды? Неліктен шарықтаудан кейін төмендеу болады? Жүгенсіздікке барған соң неліктен жағымсыз сезім келеді? Неліктен жыныстық жақындықтан кейін көңіл қалушылық сезімі келеді? Егер жүгенсіздік бақыт пен тыныштық әкелетін болса, онда неліктен олар біздің түсінігімізден тыс болып көрінеді? Неліктен соншама көп мәселелер туындап және неліктен өмір соншалықты бос болып көрінеді?
Өзінің құмарлықтарын құптай берушілік шынайы бостандыққа жатпайды. Бұл ешқашан бақыт пен тыныштықты алып келе алмайды. Өзінің құмарлықтарын жүгенсіздікпен құптай беру күнә, өйткені бұл Құдайға қызмет етудің орнына өзіндікке қызмет етуге жатады.
Иса Матай жазған ізгі хабарда, 11:28-29 былай деген:
Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар,
Еңселерін тым ауыр жүк басқандар,
Менің қасыма келіңдер, бәрің,
Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін!
Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен,
Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен,
Тыныштық табады сонда көңілдерің.
Сіздің жағдайыңыз қандай? Сіз өзіңізді жайсыз және мазасыз сезінесіз бе? Әлемдегі және қарым-қатынастарыңыздағы мәселелер сізге уайым, кінәлі сезім мен қорқыныш алып келеді ме? Кейбір кезде сіз өзіңізге «мені біреу шынымен сүйіп қамымды ойлайды ма?» - деген сұрақ қоясыз ба?
Мынаған сенімді болыңыз, Құдай сізді шынымен сүйеді. Ол сіздің тыныштық, бостандық, бақыт табуыңызды құштарлана қалайды. Шынайы тыныштық көбірек жүгенсіздікке салынудан келмейді, керісінше өзіңізді беруден келеді. Өзіңізді Құдайға тапсыру және Оған сенім арту жаныңызға тыныштық әкеледі. Иса былай дейді, «Мен сендерге амандық пен тыныштық сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін. Менің беретінім осы дүниенің беретін өткінші тыныштығы сияқты емес, сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар». (Жохан жазған Ізгі хабар 14:27)
Исаның шақыруына жауап беріңіз. Оған шын жүрегіңізбен келіңіз. Оған өткен шағыңызды, қазіргі шағыңызды, және болашағыңызды беріңіз. Ауаға кеткен бос өміріңіз үшін тәубеге келіңіз. Сонда сіз шынайы бостандықты, шынайы бақытты, шынайы тыныштықты, және шынайы сүйіспеншілікті табасыз. Егер сіз адал болып қалсаңыз, келешегіңізге деген үміт және мәңгілік өмірге деген уәде қабылдайсыз. Тыныштық пен тыным іздеп табуыңызда Құдай сізге жар болсын.