Құтқарылу
Өмір адамға таңдау жасайтындай көптеген жағдайлар туғызады. Шын мәнінде, таңдаулар әр күні жасалады. Кейбір таңдаулар аз ғана ойлап жасалады. Басқа жағдайда таңдау жасау үшін көп толғанып, қарастыру қажет болады. Маңызды деп есептелетіндері көбірек сақтықпен жасалады. Осыдан мынадай сұрақ туындайды: «сіз не нәрсені маңызды деп есептейсіз?» Құдай адамды жаратқанда, оған таңдау жасау артықшылығын сыйлады. Біз бұл жауапкершіліктен және оның нәтижесінен қашып кете алмаймыз, өйткені олардың көпшілігінің мәңгілік салдары болады.
Францияның үлкен қаласы Парижде, Генерал Наполеонның ескерткіші ретінде мемориал тұрғызылған. Он сегізінші ғасырдың соңғы жылдары мен он тоғызыншы ғасырдың басында ол Еуропадағы ең қауіпті адамға айналды. Оның соғыстағы ең әйгілі жеңістері және әсерлі жаулап алуларының деңгейінің жоғары болғаны сонша, Англияны санамағанда толық Еуропа дерлік оның басқаруында болды. Өршіл генерал бүткіл әлемді басқарамын деген ой жетегінде жүрді.
Киелі кітап Құдайдың сөзі, мәңгілік ақиқат. Ол жаратылыстың басталуын, адамның Құдайға мойынсұнудан бас тартуын, және күнәнің кесірінен келген қасірет жайлы баяндайды. Сонымен қатар ол Құдайдың адамға деген сүйіспеншілігінен оны құтқарып алуға жасаған жоспары жайында айтады. Ол Құтқарушының дүниеге келуі жайында, Оның адамзаттың күнәлары үшін құрбан болуы және адамның құтқарылуы үшін қайта тірілгені жайында айтады. Кім осы хабарға сенетін болса соның күнәлары кешірілетін болады, жанына тыныштық, барлық адамдарға деген сүйіспеншілік, күнәнің үстінен билік, және мәңгілік өмірге деген тірі үміт қабылдайды.
Әркім өзіне мынадай маңызды сұрақ қоюы керек: «Мен құтқарылу үшін не істеуім керек?» Көптеген адамдар өздерінің құтқарылғандығына сенеді, бірақ Иса былай дейді: «Маған: «Мырза, Ие!» дейтін әркім емес, көктегі Әкемнің еркін орындайтындар ғана Оның Патшалығына кіре алады» (Матай 7:21). Құтқарылу үшін Мәсіх біздің күнәларымызды кешіретініне сену керек. Сөйтіп біз күнәларымызға өкініп, қасиетті өмір сүріп, бір-бірімізді сүюіміз керек. Көптеген діндерден көптеген ілімдер тарағандықтан, «шындық деген не?» - деген сұрақ туындауы мүмкін.
Сүйіспеншілік… қандай тілде айтылса да әдемі сөз. Осыны айтқанда ойымызға не келеді? Махаббат, қамқорлық, жылулық, жақсылық, үйлесімдік, қауіпсіздік, мүмкін ана деген сөз? Өзіңіз ойлап көріңізші, осы әдемі сөздің шын мағынасы қандай? Сізді сүйгенін қалайсыз ба? Сіз сүйесіз бе?
Бүгінгі күні көптеген адамдар «мен аспанға баратындай жеткілікті жақсы емеспін, тозаққа дабаратындай соншалық жаман емеспін» деген адамға ұқсайды. Олар өздерін айтарлықтай жақсыдеп санайды және Құдай оларға қандай да бір жолмен көкте үй береді деп ойлайды. Киелі кітапта адам туралы не айтылған? Онда: «Адамның жүрегі бәрінен бетер алдамшы әрі жазылмайтындай бүлінген. Оны танып біле алатын кім бар?» дейді (Еремия 17: 9). «Бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды». Мен де, сіз де. Біз орманда адасқан адамға ұқсаймыз. Ол ақыры сондай шатасып кеткендіктен, отырып, біреудіңоны табуын күтуге тура келеді. Сіз адастыңыз ба? Сіз қайда бару керектігін білесіз бе?
Сіз Қасиетті Құдайдың алдында адам күнәлі деп табылып, оның өлім жазасына кесілгенін білесіз бе? Егер ол осы мәңгілік өлімнен құтылып, мәңгі құтқарылғысы келсе, онда ол Құдайдың мейірімін алуы керек. Бұл жағынан мейірімділік - Құдайдың адамнан өзіне лайықты жазаны тартқызбай ұстап тұруында. Бірақ Құдай, тіпті құтқарылу тегін, ақысыз және оны еңбектеніп иеленуі мүмкін емес болса да адамдарға Өзінің мейірімділігін ешқандай шартсыз бермейді. Құдайдың мейірімділік танытатын шарты - бұл тәубеге келу.
Киелі кітаптың мақсаты Шайтанға және оның жұмысына көңіл аудару емес. Дегенмен, біз Киелі кітаптың оның мінезі мен әрекеттерін әшкерелегенін көптеп көре аламыз. Шайтан бір кездері періште болған, бірақ ол өзінің жаратушысы Құдайға қарсы шықты, және Ол сияқты болғысы келді. Шайтанның түнек патшалығының тәжирибесі жаңа емес. Құдай патшалығымен бәсекелесуге күш салуы бұрынғы заманнан бері келе жатқан белгілі жайт. Ол Құдайдың Киелі Рухы арқылы жүзеге асырылатындардың баламасын ұсынады.
Жохан жазған ізгі хабар 10:1-18 Сіздің есіміңізді біреудің атап шақырып жатқанын, алайда оның даусының қай жақтан шығып жатқанын білмей тұрған кезіңіз болды ма? Немесе жан-жақтағы көптеген шудың кесірінен дауысы әрең естілген кез. Тыңдаңыз, дауыс сізді шақыруда. Сізді! Сіз кімсіз? Сіздің есіміңіз кім? Сіз қай жерден келдіңіз? Қай жерде тұрасыз? Қайда бара жатырсыз? Сіз елді мекеніңіздің аталуын білерсіз. Мүмкін сіз басқа еш жерде болмаған боларсыз. Алайда сіздің елді мекеніңіз үлкен мемлекеттің бір бөлігі екенін білесіз, және мемлекеттердің барлығы бүткіл әлемнің бір бөліктері.