Тракттар
Болашағыңыз жайында не айта аласыз? Болашақ жайлы ойланған кезде осы өмірден кейін өмір бар ма әлде жоқпа деген ой кімге келмейді дейсіз? Адам баласы өлімнен кейін онымен не болады деген ойдан қашып кете алмайды, алайда ондай ойды басынан лақтырып тастауға бейім келеді. Ол өзін өмірлік нәрселермен жұмыс басты етіп, өлім, аспан, тозақ жайлы ойларды алыс болашаққа ысырып қояды. (Матай жазған ізгі хабар 24:48, Уағыздаушы 8:11) Ал шын мәнінде, қалай болғанмен де, таңдау жасалуы тиіс. Ешнәрсе істемеу мәңгілікке жоғалу дегенді білдіреді. Тағдырдың екі түрі ғана бар Аспан – Барлық Құтқарылғандардың үйі Аспан – Нұрдың жері Құтқарылғандардың мәңгілік жағдайы
Бақытты үй
Үй - сүйкімді үй Киелі кітап бізге үлгісі әдемі, құрылымы мықты, және жағымды атмоферадағы үйдің сызбасын береді. Біздің үйіміз, үйлесім мен разылық, немесе қысым мен ұрыс-керіс орнаған жер болуы мүмкін. Сіздің үйіңіз өмірдің дауылдарына төтеп бере алатындай мықты және бақытты ма? Үй, қоғамның маңызды бір бөлігі. Ол біздің рухани өсуімізге, бақытты сезінуімізге, және тәндік қанағаттануымызға арналған. Құдайдың әуелбастағы жоспары, осы үйдің мүшілері бір-біріне бақыт силап және отбасы ретінде үйлесімділікте өмір сүруі. Неліктен кейбір үйлер бақытты емес? Құдайда неке құру Құдайдың тапсырысы Балалардың орны Мәсіх – Іргетас
Бөлме
Киелі кітаптан біз мынаны оқимыз: «Үлкенді-кішілі өлген адамдардың тақ алдында тұрғандарын байқадым. Кітаптар ашылып, ерекше бір кітап — «Мәңгілік өмірдің кітабы» да ашылды. Өлгендер сол кітаптарда жазылған, өздері тірі кездерінде жасаған істеріне сай сотталып, үкімделді». (Аян 20:12) Бұл Құдайдың жазбалар жүргізетіні жайында келтірілген куәлік. Джошуа Харрис, АҚШ, Мэрилендтен шыққан жас жігіт біраз уақытын Пуерто Рикода өткізіп жатты. Бір түні ол түс көрді. Ол Құдайдың осы аянды адалдықтың жетіспеушілігіне бола берілгендігін сезінді. Осы түсі оған Иса Мәсіхтің өмірді өзгерте алатын құдіреті мен қаны жайында есіне түсірді. Біз осы жайында сізбен бөліскіміз келеді. *** (Бөлме) *** ***
Мен өмірімді өте көңілді және бақытты бастадым. Мен алда көретіндері гүлдерге толы әлем болатын, әдемі қанаттары бар кішкентай көбелекке ұқсадым. Мен болашаққа көз жүгірткенде өмір керемет болып көрінді. Көп ұзамай, менің көзқарастарым өзгерді. Мені қабылдау үшін әрекет етуім керек екенімді түсіндім. Өмір цирк сияқты болды. Оның алыс болашаққа дейін созылған шығыршықтары болды. Егер мен сол шығыршықтан секірсем, мақұлдау аламын. Егер олай істемесем, онда басқалары солай істейді. Кенеттен мен соңғы шеңбердің алдында тұрмын. Бірақ ол дөңгелек емес, тікбұрышты және жерде орналасқан. Шөп жыртылған шеттерде тоқтайды. Мұнда бәрі бітеді. «Құдай, бұл не болды?» Құдайдың дауысы қайғылы естілді. «Колледждегі жылдарың есіңде ме?»
Өмір адамға таңдау жасайтындай көптеген жағдайлар туғызады. Шын мәнінде, таңдаулар әр күні жасалады. Кейбір таңдаулар аз ғана ойлап жасалады. Басқа жағдайда таңдау жасау үшін көп толғанып, қарастыру қажет болады. Маңызды деп есептелетіндері көбірек сақтықпен жасалады. Осыдан мынадай сұрақ туындайды: «сіз не нәрсені маңызды деп есептейсіз?» Құдай адамды жаратқанда, оған таңдау жасау артықшылығын сыйлады. Біз бұл жауапкершіліктен және оның нәтижесінен қашып кете алмаймыз, өйткені олардың көпшілігінің мәңгілік салдары болады. Жүсіп, жас жігіт бола тұра, ой санасында таза болуды және адал болуды таңдады, нәтижесінде Мысыр патшалығының ең жоғарғы мәртебесіне ие болды. (Жаратылыстың баст. 41:41) (Патшалықт. 3-ж. 18)
Бір кездері осы әлемде еш нәрсе болмаған. Балықтар да болмады. Аспанда жұлдыздар да болмады. Өзендер мен әдемі гүлдер де болмады. Барлығы бос және қараңғы болды. Алайда Құдай бар болды. Құдайдың тамаша жоспары болды. Ол тамаша әлем жайлы ойланды, және ойлау барысында оны жаратты. Ол барлығын жоқтан жаратты. Құдай барлығын жаратқанда, Ол тек «былай болсын» - деді, және бұл солай болды! Ол жарықты жаратты. Ол өзендер мен көлдерді, жер жамылған көк шөпті, жануарларды, құстарды, және ағаштарды жаратты. Ең соңында, Ол адамды жаратты, және адамға арнап әйел жаратты. Олардың аттары Адам мен Хауа болды. Ол есейіп ер жетті.
Әркім бір нәрсеге табынады. Кейбір адамдар заттарға табынады, кейбіреулер адамға табынады, біреулер бейнелерге табынады, ал басқа біреулер өз-өздеріне табынады. Олар құдайларына өздерінің берілгендіктерін түрлі жолдармен көрсетеді. Адамдардың басым көпшілігі осындай құдайларға ізет білдіретіндіктен, олардың жүректерінде әлі де аңсау мен зарлау қалып қояды. Мұндай адамдар жан айқайына өткінше ғана жеңілдік табады және ертеңгі күнге деген жігерлері аз болады. Олардың өкініштеріне орай болашақтары дәл өткен шақтай болып қалады. Олар қызмет ететін құдай олардың өміріндегі бостықты толтыра алмайды. Сіз былай деп сұрауыңыз мүмкін: «Бұл қалайша шындық бола алады? Ұлы, Құдіреті күшті Біреу қалайша менің жүрегімде өмір сүре алады?» (Ишая 57:15)
Жаныңыздың шайқасы
Париждегі Салтанат Аркасы ескерткішінде Напалеонның соғыстары мен жеңістерінің тізімін оқуға болады. Дегенмен, бір өте маңызды соғыс ескерілмеген, Иә! бұл – Ватерлоода болған тарихи қақтығыс. Бұл жерде жеңіліс болды. Үрдіс басқа бағытқа өзгерді. Ол өте маңызды шайқаста жеңіліс тапты, сондықтан оның өршілдігі тоқталып қалды. Осының салдарынан ол қуғынға жіберілді, ақырында жек көрінішті адам болып дүниеден өтті.
Қорқыныштан азаттық
Қорқыныш дегеніміз не? Құдайдан қорқу Болашақ қорқынышы Сәтсіздік қорқынышы Азап шегуден қорқу Өлімнен қорқу Қорқыныш дегеніміз не? Қорқыныш, жасырын жау, ол кез-келген жастағы және нәсілдегі адамдарға, өмірдің әр қилы жолына түседі. Бұл нәзік және жойқын, біздің ойлауымызды уландырып, ішкі тыныштықты бұзады және өмірге деген құлшынысымызды төмендетеді. Бұл бізді мазасыздандырады, алаңдатады, үрейшіл етеді, ренжітеді және жасқаншақ етеді; қандай жағымсыз, қажетсіз сезім! Қорқыныш біздің санамызға баяу және үнсіз енеді, сондықтан біз оның зиянды әсерінің құрбанына айналғанымызды түсінбей қаламыз. Тіпті кішкене қорқыныш, кесе суға тамған сия іспетті, бәрін түссіз етеді. Бұл қорқыныштың жұқа ағымы тоқтатылмаса, ол басқа ойлар жіберілетін арнаны кесіп тастайды.
Әлемнің жарығы Киелі кітап Құдайдың сөзі, мәңгілік ақиқат. Ол жаратылыстың басталуын, адамның Құдайға мойынсұнудан бас тартуын, және күнәнің кесірінен келген қасірет жайлы баяндайды. Сонымен қатар ол Құдайдың адамға деген сүйіспеншілігінен оны құтқарып алуға жасаған жоспары жайында айтады. Ол Құтқарушының дүниеге келуі жайында, Оның адамзаттың күнәлары үшін құрбан болуы және адамның құтқарылуы үшін қайта тірілгені жайында айтады. Кім осы хабарға сенетін болса соның күнәлары кешірілетін болады, жанына тыныштық, барлық адамдарға деген сүйіспеншілік, күнәнің үстінен билік, және мәңгілік өмірге деген тірі үміт қабылдайды. Құдайдың тамаша жаратылысы Қайғылы Күнәнің Басталуы Күнәнің өкінішті салдары Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен Өзінің Ұлын берді