Үй

Евангелие трактаты және Киелі кітап қоғамы веб-сайтына қош келдіңіз

Тракттар

Болашағыңыз жайында не айта аласыз? Болашақ жайлы ойланған кезде осы өмірден кейін өмір бар ма әлде жоқпа деген ой кімге келмейді дейсіз? Адам баласы өлімнен кейін онымен не болады деген ойдан қашып кете алмайды, алайда ондай ойды басынан лақтырып тастауға бейім келеді. Ол өзін өмірлік нәрселермен жұмыс басты етіп, өлім, аспан, тозақ жайлы ойларды алыс болашаққа ысырып қояды. (Матай жазған ізгі хабар 24:48, Уағыздаушы 8:11) Ал шын мәнінде, қалай болғанмен де, таңдау жасалуы тиіс. Ешнәрсе істемеу мәңгілікке жоғалу дегенді білдіреді. Тағдырдың екі түрі ғана бар Аспан – Барлық Құтқарылғандардың үйі Аспан – Нұрдың жері Құтқарылғандардың мәңгілік жағдайы

Болашақ 5 minutes

Үй - сүйкімді үй Киелі кітап бізге үлгісі әдемі, құрылымы мықты, және жағымды атмоферадағы үйдің сызбасын береді. Біздің үйіміз, үйлесім мен разылық, немесе қысым мен ұрыс-керіс орнаған жер болуы мүмкін. Сіздің үйіңіз өмірдің дауылдарына төтеп бере алатындай мықты және бақытты ма? Үй, қоғамның маңызды бір бөлігі. Ол біздің рухани өсуімізге, бақытты сезінуімізге, және тәндік қанағаттануымызға арналған. Құдайдың әуелбастағы жоспары, осы үйдің мүшілері бір-біріне бақыт силап және отбасы ретінде үйлесімділікте өмір сүруі. Неліктен кейбір үйлер бақытты емес? Құдайда неке құру Құдайдың тапсырысы Балалардың орны Мәсіх – Іргетас

Отбасы 6 minutes
Аудио

Бөлме

Киелі кітаптан біз мынаны оқимыз: «Үлкенді-кішілі өлген адамдардың тақ алдында тұрғандарын байқадым. Кітаптар ашылып, ерекше бір кітап — «Мәңгілік өмірдің кітабы» да ашылды. Өлгендер сол кітаптарда жазылған, өздері тірі кездерінде жасаған істеріне сай сотталып, үкімделді». (Аян 20:12) Бұл Құдайдың жазбалар жүргізетіні жайында келтірілген куәлік. Джошуа Харрис, АҚШ, Мэрилендтен шыққан жас жігіт біраз уақытын Пуерто Рикода өткізіп жатты. Бір түні ол түс көрді. Ол Құдайдың осы аянды адалдықтың жетіспеушілігіне бола берілгендігін сезінді. Осы түсі оған Иса Мәсіхтің өмірді өзгерте алатын құдіреті мен қаны жайында есіне түсірді. Біз осы жайында сізбен бөліскіміз келеді. *** (Бөлме) *** ***

Әңгіме 6 minutes

Мен өмірімді өте көңілді және бақытты бастадым. Мен алда көретіндері гүлдерге толы әлем болатын, әдемі қанаттары бар кішкентай көбелекке ұқсадым. Мен болашаққа көз жүгірткенде өмір керемет болып көрінді. Көп ұзамай, менің көзқарастарым өзгерді. Мені қабылдау үшін әрекет етуім керек екенімді түсіндім. Өмір цирк сияқты болды. Оның алыс болашаққа дейін созылған шығыршықтары болды. Егер мен сол шығыршықтан секірсем, мақұлдау аламын. Егер олай істемесем, онда басқалары солай істейді. Кенеттен мен соңғы шеңбердің алдында тұрмын. Бірақ ол дөңгелек емес, тікбұрышты және жерде орналасқан. Шөп жыртылған шеттерде тоқтайды. Мұнда бәрі бітеді. «Құдай, бұл не болды?» Құдайдың дауысы қайғылы естілді. «Колледждегі жылдарың есіңде ме?»

Өмір адамға таңдау жасайтындай көптеген жағдайлар туғызады. Шын мәнінде, таңдаулар әр күні жасалады. Кейбір таңдаулар аз ғана ойлап жасалады. Басқа жағдайда таңдау жасау үшін көп толғанып, қарастыру қажет болады. Маңызды деп есептелетіндері көбірек сақтықпен жасалады. Осыдан мынадай сұрақ туындайды: «сіз не нәрсені маңызды деп есептейсіз?» Құдай адамды жаратқанда, оған таңдау жасау артықшылығын сыйлады. Біз бұл жауапкершіліктен және оның нәтижесінен қашып кете алмаймыз, өйткені олардың көпшілігінің мәңгілік салдары болады. Жүсіп, жас жігіт бола тұра, ой санасында таза болуды және адал болуды таңдады, нәтижесінде Мысыр патшалығының ең жоғарғы мәртебесіне ие болды. (Жаратылыстың баст. 41:41) (Патшалықт. 3-ж. 18)

Құтқарылу 4 minutes

Бір кездері осы әлемде еш нәрсе болмаған. Балықтар да болмады. Аспанда жұлдыздар да болмады. Өзендер мен әдемі гүлдер де болмады. Барлығы бос және қараңғы болды. Алайда Құдай бар болды. Құдайдың тамаша жоспары болды. Ол тамаша әлем жайлы ойланды, және ойлау барысында оны жаратты. Ол барлығын жоқтан жаратты. Құдай барлығын жаратқанда, Ол тек «былай болсын» - деді, және бұл солай болды! Ол жарықты жаратты. Ол өзендер мен көлдерді, жер жамылған көк шөпті, жануарларды, құстарды, және ағаштарды жаратты. Ең соңында, Ол адамды жаратты, және адамға арнап әйел жаратты. Олардың аттары Адам мен Хауа болды. Ол есейіп ер жетті.

Иса 3 minutes

Әркім бір нәрсеге табынады. Кейбір адамдар заттарға табынады, кейбіреулер адамға табынады, біреулер бейнелерге табынады, ал басқа біреулер өз-өздеріне табынады. Олар құдайларына өздерінің берілгендіктерін түрлі жолдармен көрсетеді. Адамдардың басым көпшілігі осындай құдайларға ізет білдіретіндіктен, олардың жүректерінде әлі де аңсау мен зарлау қалып қояды. Мұндай адамдар жан айқайына өткінше ғана жеңілдік табады және ертеңгі күнге деген жігерлері аз болады. Олардың өкініштеріне орай болашақтары дәл өткен шақтай болып қалады. Олар қызмет ететін құдай олардың өміріндегі бостықты толтыра алмайды. Сіз былай деп сұрауыңыз мүмкін: «Бұл қалайша шындық бола алады? Ұлы, Құдіреті күшті Біреу қалайша менің жүрегімде өмір сүре алады?» (Ишая 57:15)

Иса 3 minutes

Париждегі Салтанат Аркасы ескерткішінде Напалеонның соғыстары мен жеңістерінің тізімін оқуға болады. Дегенмен, бір өте маңызды соғыс ескерілмеген, Иә! бұл – Ватерлоода болған тарихи қақтығыс. Бұл жерде жеңіліс болды. Үрдіс басқа бағытқа өзгерді. Ол өте маңызды шайқаста жеңіліс тапты, сондықтан оның өршілдігі тоқталып қалды. Осының салдарынан ол қуғынға жіберілді, ақырында жек көрінішті адам болып дүниеден өтті.

Құтқарылу 4 minutes

Қорқыныш дегеніміз не? Құдайдан қорқу Болашақ қорқынышы Сәтсіздік қорқынышы Азап шегуден қорқу Өлімнен қорқу Қорқыныш дегеніміз не? Қорқыныш, жасырын жау, ол кез-келген жастағы және нәсілдегі адамдарға, өмірдің әр қилы жолына түседі. Бұл нәзік және жойқын, біздің ойлауымызды уландырып, ішкі тыныштықты бұзады және өмірге деген құлшынысымызды төмендетеді. Бұл бізді мазасыздандырады, алаңдатады, үрейшіл етеді, ренжітеді және жасқаншақ етеді; қандай жағымсыз, қажетсіз сезім! Қорқыныш біздің санамызға баяу және үнсіз енеді, сондықтан біз оның зиянды әсерінің құрбанына айналғанымызды түсінбей қаламыз. Тіпті кішкене қорқыныш, кесе суға тамған сия іспетті, бәрін түссіз етеді. Бұл қорқыныштың жұқа ағымы тоқтатылмаса, ол басқа ойлар жіберілетін арнаны кесіп тастайды.

Әлемнің жарығы Киелі кітап Құдайдың сөзі, мәңгілік ақиқат. Ол жаратылыстың басталуын, адамның Құдайға мойынсұнудан бас тартуын, және күнәнің кесірінен келген қасірет жайлы баяндайды. Сонымен қатар ол Құдайдың адамға деген сүйіспеншілігінен оны құтқарып алуға жасаған жоспары жайында айтады. Ол Құтқарушының дүниеге келуі жайында, Оның адамзаттың күнәлары үшін құрбан болуы және адамның құтқарылуы үшін қайта тірілгені жайында айтады. Кім осы хабарға сенетін болса соның күнәлары кешірілетін болады, жанына тыныштық, барлық адамдарға деген сүйіспеншілік, күнәнің үстінен билік, және мәңгілік өмірге деген тірі үміт қабылдайды. Құдайдың тамаша жаратылысы Қайғылы Күнәнің Басталуы Күнәнің өкінішті салдары Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен Өзінің Ұлын берді

Құтқарылу 10 minutes

Мәриям және Періште Исаның туылуы Малшылар «Заңғар көкте Құдай мадақталсын! Жер жүзінде Өзі риза болған Адамдарға тыныштық болсын!» Періштелер қастарынан алыстап кеткеннен кейін, малшылар өздерінің қойларын қалдырып, тездетіп Бетлехемге жөнелді. Бұл жерде олар Нәрестені дәл періште айтқандай күйде тапты. Ғұлама адамдар Құдайдың силық жасауының себебі Біз Исаға сеніп өмірімізді Оған бағындыруды таңдағанда, Оның қаны бізді барлық күнәларымыздан тазартады. Осы құтқарылу сиын қабылдағандықтан, біз Құдаймен қайта бірігеміз. Иса біздің жеке Құтқарушымыз болады, және біз Оның балалары болудың жарылқауларымен рақаттана аламыз. Бір күні Иса қайта оралады. Ол барлық шын сенушілерді аспанға алып кетеді. Сол жерде олар Құдаймен мәңгілік өмір сүретін болады.

Иса, Color 4 minutes

Адамдар шаршаған және күйзелген. Еш күмәнсіз бұл жерде бағыт-бағдар мен кеңеске деген, қауіпсіздік пен сенімділікке деген мұқтаждық бар. Жанымыздың тыныштығын қалаймыз және соған мұқтажбыз. Жан тыныштығы – не деген қазына! Осы қазынаны жанжал мен қажушылық, ретсіздік пен тынышсыздыққа толы әлемде табуға болады ма? Әбігерлікке түскен адам Өзіңіз байқамасаңызда немесе сізге білінбесе де, сіздің мазасыздығыңыздың себепшісі күнәда болуы мүмкін. Көптеген адамдар тыныштықты сырттан және материалдық нәрселерден іздейді. Олар күйбелең әдемді өздерінің мазасыздығына кінәлі деп айыптайды. Алайда олар өздерінің жүректеріне қарауға шамалары келмейді. Иса Мәсіх, Тыныштықтың Патшасы Тәубеге келу Жан Тыныштығын Әкеледі Сақылмас Тыныштық Тыныштық жоқ жерде тыныштықты білемін, Құпия орында бетпе-бет

Мәсіхшіліктің негізі Құдайда, Оның Ұлы Иса Мәсіхте, және Құдай Сөзі Киелі кітапта қаланған. Мәсіхші – Киелі кітапқа сенетін және Иса Мәсіхтің тәліміне сай өмір сүретін адам. Өмір сүрудің осы түрі тыныштық пен қанағат алып келеді және бізді аспандағы мекенімізге дайындайды. Құдай Әке Жаратылыс және адамның құлауы Құдай Ұлы Құдай Киелі Рух Киелі кітап Мәсіхшілік өмір сүру Өмір аяқталғаннан кейін

Әркім өзіне мынадай маңызды сұрақ қоюы керек: «Мен құтқарылу үшін не істеуім керек?» Көптеген адамдар өздерінің құтқарылғандығына сенеді, бірақ Иса былай дейді: «Маған: «Мырза, Ие!» дейтін әркім емес, көктегі Әкемнің еркін орындайтындар ғана Оның Патшалығына кіре алады» (Матай 7:21). Құтқарылу үшін Мәсіх біздің күнәларымызды кешіретініне сену керек. Сөйтіп біз күнәларымызға өкініп, қасиетті өмір сүріп, бір-бірімізді сүюіміз керек. Көптеген діндерден көптеген ілімдер тарағандықтан, «шындық деген не?» - деген сұрақ туындауы мүмкін. “Қайта туылу” деген нені білдіреді? Бұл жаңа туылу кімге керек? Тәубеге келу Сенім және мойынсұну

Құтқарылу 4 minutes

Дәл қазіргі сәтте сіз тірісіз, тыныс алудасыз, қозғалыстасыз немесе жұмыс жасаудасыз. Мүмкін сіз, жайлы өмір сүрудесіз, немесе мұқтаждықта боларсыз. Күн шығып және қайтадан батуда, бір жерде сәби дүниеге келуде, алайда сонымен қатар басқа бір жерде, біреу әрдайым қайтыс болуда. БАРЛЫҚ ӨМІРІМІЗ ТЕК УАҚЫТША ТҰРАҚТАЙТЫН ЖЕР. АЛАЙДА, СІЗ ӨЛІМНЕН КЕЙІН ҚАЙДА БАРАСЫЗ? Сіз діншіл болсаңыз да, немесе ешқандай ілімге сенбейтін болсаңыз – Сізге қайткен күнде де осы ең маңызды сұрақты шешуіңіз керек, Өйткені қамшының сабындай қысқа өмірде, адамдар өзінің мәңгі тағдырына барады. (Уағыздаушы 12:5) СОНЫМЕН ҚАЙДА? СІЗДІҢ ЖАНЫҢЫЗ ЕШ ҚАЗА БОЛМАЙДЫ! АСПАН МЕН ЖЕРДІҢ ҚҰДАЙЫ БЫЛАЙ ДЕГЕН: «БАРЛЫҚ ЖАНДАР МАҒАН ТИЕСІЛІ»

Иса сенің досың Ол жайында саған айтып беруіме рұқсат етуіңді сұраймын. Біз бұл оқиғаны Киелі кітаптан оқимыз. Киелі Кітап шынайы. Ол Құдайдың сөзі. Құдай әлемді және ондағының барлығын жаратқан. Ол аспан мен жердің Тәңірі. Ол барлығына өмір және тіршілік лебін берді. Иса жер бетіне кішкентай нәресте болып келді. Оның жердегі әкесі мен анасы Жүсіп және Мәриам болды. Ол қорада туылып, шөп салатын ақырға жатқызылды. Бір күні Ол қайтып келеді! Ол Оған сенуші әркімді Өзімен бірге аспандағы мекеніне алып кетеді.

Сүйіспеншілік… қандай тілде айтылса да әдемі сөз. Осыны айтқанда ойымызға не келеді? Махаббат, қамқорлық, жылулық, жақсылық, үйлесімдік, қауіпсіздік, мүмкін ана деген сөз? Өзіңіз ойлап көріңізші, осы әдемі сөздің шын мағынасы қандай? Сізді сүйгенін қалайсыз ба? Сіз сүйесіз бе? Сүйіспеншіліктің қарама-қайшылығының бірі мыналар: жек көру, сенім артпау, өзімшілдік, және соғыс. Біз әлемде орын алған көптеген жағдайларға және көптеген отбасыларға қарасақ болғаны, сүйіспеншілікке деген зор мұқтаждық бар екендігін түсінуімізге болады. Сүйіспеншілік көбінесе басқа адамның есебіне өзінің құмарлықтарын қанағаттандыратын сезімдік құштарлық емес. Кейбіреулер сүйіспеншілікке теңейтін осы құштарлық, негізінде өзімшілдік, өйткені ол өзіне жақсы болуды көздейді. Сүйіспеншілік өзінің құрметі мен ғанибетін өрбітуді іздемейді.

Құтқарылу 5 minutes

Барлығы күнә жасады Бүгінгі күні көптеген адамдар «мен аспанға баратындай жеткілікті жақсы емеспін, тозаққа дабаратындай соншалық жаман емеспін» деген адамға ұқсайды. Олар өздерін айтарлықтай жақсыдеп санайды және Құдай оларға қандай да бір жолмен көкте үй береді деп ойлайды. Сіз үшін үміт бар Иса сізге тыныштық сыйлайды Мұғалім өзінің алтын сағатын шығарып: «Сағатын алуға келген адам оған ие бола алады», - деді. Сыныптағы ең кішкентай баладан басқа ешкім алға шықпады. Басқаларын таңғалдырған ол сағатты алды. Олар мұғалімге сенбеді. Олар ұсыныс шындық болуы үшін тым жақсы деп ойлады. Енді мүмкіндік кетіп қалды. Кішкентай бала сыйлыққа ие болды. Сіз Исаға жұмыс істей аласыз

Құтқарылу 6 minutes

Сіз кешірілдіңіз бе? Сіздің мәңгілік болашағыңыз осы маңызды сұрақтың жауабына тікелей байланысты. Киелі кітап бізді былай деп үйретеді: «әділ ешкім жоқ, тіпті бірде-бір әділ кісі жоқ» (Римдіктерге арналған хат 3:10) Осы тараудың 23 – ші аятында былай делінген: «бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды.» Біз күнәлардың салдарынан құтылғымыз келсе, Құдайдың кешірімін табуға тиістіміз. Бір күні біз Құдаймен қиямет сотында кезігетін боламыз. «Барлығымыз Мәсіхтің төрелік тағының алдында тұрып, әшкереленуге тиіспіз ғой. Сонда әрқайсымыз тәндік өміріміздегі іс-әрекетіміздің жақсы-жамандығына қарай лайықты бағамызды алатын боламыз.» (Қорынт. арн. хат. 5:10) Мәсіхтің құрбандық қаны арқылы келетін кешірім Кешірмеушілік құлдыққа әкеледі

Бір күні Иса достарымен саяхаттап келе жатты. Ол Самариядағы ауылдық аймаққа тоқтады. Достары тамақ алып келуге кеткен кезде, Иса бір су құдығының жанында демалып отырды. Иса сол жерде отырған кезде, бір әйел құдықтан су алуға келді. Иса одан: «Маған ішетін су бересіңбе?» - деп сұрады. Әлгі әйел Оған таң қала қарап: «Мырзам, құдық терең ғой. Ал сіздің су алатын ыдысыңыз жоқ. Сол өмір суын қалай алмақшысыз? – деді. Сонда әйел: «Мырза, бұдан былай шөлдеп, су алуға мұнда келе бермеуім үшін маған осы судан беріңізші!» - деп өтінді. Иса оған: «Барып, күйеуіңді шақыр, өзің де кел!» - деді.

Менде сіз үшін жақсы хабар бар! Сізге көмектесе алатын біреу бар. Ол сіздің күнәңізді кешіріп, сарқылмас бақыт сыйлай алады. Оның есімі Иса. Сізге Ол жайында айтып берейін. Ол Әке, Құдай, және әлемді Жаратушы. Ол әлемдегінің барлығын жаратты. Ол сізді және мені жаратты. Құдай бізді сүйеді. Ол әлемдегілердің барлығын сүйеді. Құдай бізді сүйгені сонша Ол Өзінің жалғыз рухани Ұлы Исаны жер бетіне жіберді. Иса жер бетінде болған кезде, Ол ауруларды сауықтырып, мұң басқандарға тыныштық берді. Ол соқыр қөздерді сауықтырды. Ол адамдарға көптеген тәлім берді. Солай бірден аяғына тұрып әкесінің үйіне қарай жол тартты. Ол енді әкесінің кешірім беретін бермейтіндігін көретін болады.

Иса, Color 3 minutes

Сіз Қасиетті Құдайдың алдында адам күнәлі деп табылып, оның өлім жазасына кесілгенін білесіз бе? Егер ол осы мәңгілік өлімнен құтылып, мәңгі құтқарылғысы келсе, онда ол Құдайдың мейірімін алуы керек. Бұл жағынан мейірімділік - Құдайдың адамнан өзіне лайықты жазаны тартқызбай ұстап тұруында. Бірақ Құдай, тіпті құтқарылу тегін, ақысыз және оны еңбектеніп иеленуі мүмкін емес болса да адамдарға Өзінің мейірімділігін ешқандай шартсыз бермейді. Құдайдың мейірімділік танытатын шарты - бұл тәубеге келу. Барлығы күнә жасады Күнә ажыратады Иса есікті ашады Тәубеге келу, біздің бөліміміз

Құтқарылу 4 minutes

Джон В. Рейнолдс Менің ойыма келетін қайта тірілу орын алған ең қызықты оқиға, Джеферсон аймағының жылқы ұрлаушысы әйгілі Джордж Леннокс жайында. Ол өзінің екінші мерзімін өтеу барысында болатын. Седжвик аймағы оны бірінші ретте де осы сияқты жылқы тонаушылығына бола түрмеге отырғызған болатын. Табыт болса кері апарылып қойылды және кейінірек басқа тұтқынды жерлеуге қолданылды. Оның көмуге арналған лыпа киімі алынып, орнына тұтқынның киімі қайта кигізілді. Тексеріс кезінде оның бір аяғының екі жерден сынғаны анықталған болатын, және басқа да жерлері көгерген еді. Осылай ол ауруханада алты айға жуық уақыт болғаннан кейін, қайтадан жұмысына кірісті. Мейірімсіз бай мен мүсәпір Елазар — Сонда ол:

Болашақ 11 minutes

Құдайдың Сөзінің жарығымен Шайтанның тактикасын анықтау Киелі кітаптың мақсаты Шайтанға және оның жұмысына көңіл аудару емес. Дегенмен, біз Киелі кітаптың оның мінезі мен әрекеттерін әшкерелегенін көптеп көре аламыз. Шайтан бір кездері періште болған, бірақ ол өзінің жаратушысы Құдайға қарсы шықты, және Ол сияқты болғысы келді. Шайтанның түнек патшалығының тәжирибесі жаңа емес. Құдай патшалығымен бәсекелесуге күш салуы бұрынғы заманнан бері келе жатқан белгілі жайт. Ол Құдайдың Киелі Рухы арқылы жүзеге асырылатындардың баламасын ұсынады. Қосымша жазбаларға сілтемелер: Лұқа жазған ізгі хабар 11:20-23 …….Шайтаннан Құдіретті Біреу Римдіктерге арналған хат 6:20-23 …. Күнәдан азат болу Ишая 61:1 …………. Тұтқындарға бостандық

Құтқарылу 5 minutes

Сіздің «Егер мен толықтай бостандықта болсам, мен бақытты болатын едім, менде тыныштық болатын еді» - деп ойлаған кездеріңіз болды ма? Көптеген адамдар бақыттылық пен тыныштыққа жету үшін толық бостандықта болуды іздеген. Адамдар барлық шектеулерден азат болғысы келеді, қалай болғанда да, олар қалағандарын істей алса, осы әлем оларға бақыт алып келеді деп ойлайды. Бұл солай ма? Сана мен денені баурап алатын заманауи әуендер, ішімдікпен, нашамен бірігіп, адамға көбірек шарықтау әкелу үшін жұмыс істейді. Бұлар шынайы бақытты мүлдем әкелмейді. Иса Матай жазған ізгі хабарда, 11:28-29 былай деген: Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар, Еңселерін тым ауыр жүк басқандар, Менің қасыма келіңдер, бәрің,

Жохан жазған ізгі хабар 10:1-18 Сіздің есіміңізді біреудің атап шақырып жатқанын, алайда оның даусының қай жақтан шығып жатқанын білмей тұрған кезіңіз болды ма? Немесе жан-жақтағы көптеген шудың кесірінен дауысы әрең естілген кез. Тыңдаңыз, дауыс сізді шақыруда. Сізді! Сіз кімсіз? Сіздің есіміңіз кім? Сіз қай жерден келдіңіз? Қай жерде тұрасыз? Қайда бара жатырсыз? Сіз елді мекеніңіздің аталуын білерсіз. Мүмкін сіз басқа еш жерде болмаған боларсыз. Алайда сіздің елді мекеніңіз үлкен мемлекеттің бір бөлігі екенін білесіз, және мемлекеттердің барлығы бүткіл әлемнің бір бөліктері. Киелі кітап Құдай бізді жаратқандықтан, Ол біз жайында барлығын біледі. Ол бізді сүйеді, өйткені біз оның меншігіміз. Құдай

Құтқарылу 6 minutes

Дұрыс және берік ғимарат салу - тіктеуіш деп аталатын құралдың көмегімен мүмкін бола алады. Мұндайқұралсыз, қаншалықты жақсы және шынайы болса да, құрылысшы елеулі қателіктер жіберуі мүмкін. Сол сияқты, біздің өміріміз бен нанымдарымызға Құдай Сөзінің тіктеуіші бағыт беру керек. Мына сілтемелерді оқыңыз: Забур 118:105; 2 Тімотеге 3:15-17; Амос 7:8. Мынадай танымал түсінік бар: «Сіз шынайы болсаңыз, қандай нәрсеге сенетініңіз маңызды емес». Әйтседе, сенуге және дұрыс нәрсені істеуге шын ниетпен қарау керек. Біз өз нанымдарында шынайы болғаны соншалық олар үшін өлуге дайын болған адамды қатты құрметтейміз. Бірақ шынайылықтың өзі жеткіліксіз.

Алдау 3 minutes